Жарияланды: 2800

"Өлімге итермелегенін айтуда": Жазушы Аягүл Мантайдың өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды

"Өлімге итермелегенін айтуда": Жазушы Аягүл Мантайдың өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды

 

Жазушы Аягүл Мантай қайтыс болғаннан кейін Түркістан облысының полицейлері қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі облыстық Полиция департаментіне сілтеме жасап.

Айта кетейік, сотқа дейінгі тергеу амалдары «Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу» бабы бойынша басталған.

Жазушының мезгілсіз қазасы әлеуметтік желілерде резонанс тудырды. Желі пайдаланушылары марқұмды өлімге итермелегенін айтуда.

«Суицид жайты Жетісай АПБ полицейлерімен ҚР ҚК-нің 105-бабымен «Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу» тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Полицейлермен қажетті деген іс-шаралардың барлығы атқарылуда. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның толық мән-жайы тергеу барысында анықталатын болады», - деді Түркістан облысы ПД ресми өкілі Салтанат Қаракөзова.

Ал белгілі заңгер Айгүл Орынбек марқұм Аягүлдің өзін бірнеше күн бұрын іздегенін жазды. 

"Аягүлдің тек жазбаларын оқып, сырттай сүйсініп жүретін едім.Менің нөмірімді сұраған да, мені адамдар жәйдан жәй іздемейтінін білген соң бірден бердім.Хабарласады деп күттім, тіпті хабар болмаған соң бүгін түнде ішім бір жамандықты сезген екен ғой, “Ая сізде бәрі жақсы ма?”,- деп өзім жаздым.Өкінішке орай таңда қаралы хабарды оқып есеңгіреп қалдым",- деп жазды заңгер.

Еске салсақ, кеше жас жазушы Аягүл Мантай кенеттен қайтыс болды. 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін