«Олимпиада бітті. Миллиардтар ұшты. Мақтанатын дым жоқ, киім ғана күшті» Желідегі сыни өлең қатты талқыланып жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 515.03
  • 584.82
+11 °C
Алматы
2025 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Олимпиада бітті. Миллиардтар ұшты. Мақтанатын дым жоқ, киім ғана күшті» Желідегі сыни өлең қатты талқыланып жатыр

«Олимпиада бітті. Миллиардтар ұшты. Мақтанатын дым жоқ, киім ғана күшті» Желідегі сыни өлең қатты талқыланып жатыр

Әлеуметтік желіде Бейжіңде өткен Қысқы Олимпиададағы еліміздің нәтижесіне байланысты сыни өлең тарады. Ондағы сөздердің тым ащылығы әрі дәл айтылғандығы көптің көңілінен шыққан.

  • 21 Ақпан 2022
  • 210
Фото - Caravan.kz

Аталған жыр жолдарын Аслан Қаженов есімді тілші жүктеген, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Олимпиада бітті.

Миллиардтар ұшты.

Мақтанатын дым жоқ,

Киім ғана күшті.

Негізінде халық

Бір жүлдені күтті.

Өйткені бұл жолы

Эстония да ұтты,

Латвия да ұтты,

Беларусь та ұтты,

Жаңа Зеландияның өзі

Қос алтынды құшты.

Ал, жерлестер болса

Бестіктен бір шықты,

Ондықтан бір шықты,

Қалғандары қалып

Маңырады тіпті.

Одан кейін сасып

Сылтау айтып бөсті.

Қар жасанды деді,

Бұғаулапты бұтты.

Мұз дегенің жұмсақ

Жел қатты деп қыртты.

Вобщым кінә содан

Ал, команда мықты.


Сөйтіп-сөйтіп жаймен

Жұбатты да жұртты.

Қалталарға басты

Майлап алды ұртты.

Қалың қазақ аң-таң

Түсінбеді түкті.

Тағы алданып қалды,

Тағы ауызын с*кті, деп аяқтапты автор.

Еске салсақ, 4-20 ақпан аралығында Бейжіңде қысқы Олимпиада ойындары өтті. Аталған Олимпиадаға Қазақстан құрамасынан 34 спортшы барды, олар 87 жолдама иеленген еді. Қазақстандық спортшылар шаңғы жарысы, фристайл акробатика және могул, конькимен жүгіру, шорт-трек, биатлон, тау шаңғысы, тұғырдан секіру, шаңғы қоссайысы сияқты 8 спорт түрінен сынға түсті.

Өкінішке орай спортшыларымыз бірде бір жүлде ала алмады.