Қолда бар мәліметтерге қарағанда, қазір медальдар суретші Артем Жариковтың сызбасы бойынша Златоуст қаласындағы «Маок» шеберханасында дайындалып жатыр. Естеріңізге сала кетсек, дәл осы күні бір жыл бұрын Златоуст қаласына Ресей жеріне құлаған метеориттің қалдықтары әкелінген болатын. Облыстық мәдениет министрлігінің хабарлауынша, 50 медальға тапсырыс берілді. Оның 10-ы Сочи Олимпиадасының чемпиондарына берілсе, қалғаны мұражайға жәдігер ретінде қойылады, деп жазады egemen.kz.