Олимпиада-2022 өткізу Алматы үшін шығын келтірмейді - әкім - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Олимпиада-2022 өткізу Алматы үшін шығын келтірмейді - әкім

Олимпиада-2022 өткізу Алматы үшін шығын келтірмейді - әкім

Алматы әкімі Ахметжан Есімовтің пікірінше, мегаполистің өтініші мақұлданған жағдайда 2022 жылы Олимпиада ойындарын өткізу қала үшін шығын келтірмейді.

  • 19 Желтоқсан 2014
  • 384
Фото - Caravan.kz


"Шығын көп болады екен, дегенде әдетте Сочиді мысалға келтіреді, онда көп ақша жұмсалған болатын деп айтады”, деді ол жұмада президент жанындағы орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.
Алайда, деді әкім, Сочи толығымен қайта салынды, инфрақұрылымға, инженерлік желілерге, жолдар мен көпірлердің құрылысына қыруар ақша жұмсалды, спорт нысандарын, қонақ үйлер салуға қанша ақша кетті.
"Бізде қазан айында Халықаралық олимпиадалық комитет президенті Томас Бах болып қайтты, ол ондағы операциялық шығындар толығымен өтеліп, тіпті пайда болды деп айтты”, деді әкім.
Ал Алматыда болса Универсиада 2017-ге орай Олимпиада өткізуге керекті бүкіл нысандар салынып қояды.
"Универсиадаға орай екі спорт сарайы мен атлетикалық деревня саламыз. Жарыс өткізілген соң атлетикалық деревнядағы үйлер пәтер ретінде сатылмақ. Олимпиадаға орай тек шана-бобслей трасса салу ғана қалады, қалған нысандар Алматыда бар”, деді ол.
Олимпиада-2022 астанасы 2015 жылы Малайзияда жария етілмек. Оны өткізуге екі қала үміткер, Алматы және Пекин.