Олимпиаданың екі дүркін чемпионы педофил деп айыпталды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Олимпиаданың екі дүркін чемпионы педофил деп айыпталды

Олимпиаданың екі дүркін чемпионы педофил деп айыпталды

Олимпиада ойындарының екі дүркін чемпионы және Әзірбайжан құрамасының бапкері австриялық Петер Зайзенбахерге кәмелетке толмаған бір

  • 6 Қазан 2016
  • 434
Фото - Caravan.kz

Олимпиада ойындарының екі дүркін чемпионы және Әзірбайжан құрамасының бапкері австриялық Петер Зайзенбахерге кәмелетке толмаған бірнеше қызға қатысты сексуалды сипатағы қылмыс жасады деген айып тағылды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ТАСС-қа сілтеме жасап.

Үш жылдық тергеудің нәтижесі бойынша, 56 жастағы спортшы 1990 жылдар соңы мен 2 000 жылдар басында Венадағы спорттық клубтардың бірінде қызмет атқарып жүріп, екі қызды зорлаған деп айыпталып отыр. Олардың бірі үш жыл бойына осындай қорлық көріп келген және Зайзенбахер тағы бір қызды зорламақ болған. Тергеу амалдары жәбірленушінің арызы негізінде басталған.

Спортшының қорғаушысы Зайзенбахер тағылған айыптар туралы білетіндігін, дегенмен бұл туралы еш нәрсе айта алмайтындығын жеткізді.


Петер Зайзенбахер 1984 жылғы Лос-Анджелесте өткен және 1988 жылы Сеулде өткен олимпиадаларда 86 киллограммға дейінгі салмақта жеңіске жетіп, екі бірдей Олимпиада ойындарында жеңіске жеткен алғашқы дзюдошы атанған.

2010 жылдан 2012 жылға дейін ол Грузияның құрамасын жаттықтырған. 2012 жылдан 2014 жылға дейін Әзірбайжан құрамасының бапкері болған. 2015 жылы қайтадан осы ел құрамасының бас бапкері болды.
 

Соңғы жаңалықтар