Омархан Өксікбаев Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы болып қайта тағайындалды - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Омархан Өксікбаев Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы болып қайта тағайындалды

Омархан Өксікбаев Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы болып қайта тағайындалды

Астана. 6 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен Омархан Нұртайұлы Өксікбаев Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы болып қайта тағайындалды, деп хабарлайды агенттік тілшісі президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 6 Тамыз 2008
  • 504
Фото - Caravan.kz

Жарлық мәтінінде атап көрсетілгеніндей, «Омархан Нұртайұлы Өксікбаев Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы болып тағайындалсын».

Сондай-ақ, президенттің жарлығымен Алтай Болтайханұлы Зейнелғабдин Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мүшесі болып тағайындалды;

Мемлекет басшысының жарлығымен Шәріпбек Шардарбек өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мүшесі қызметінен босатылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті