Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Tengrinews.kz-қа сілтеме жасап хабарлайды
ДДСҰ басшысының айтуынша, осы уақытқа дейін 77 елде омикрон штамы тіркелген.
"Шындық мынада, омикрон көп елде болуы мүмкін, тіпті ол әлі анықталмаған болса да. Штамм басқа нұсқаларда байқалмаған жылдамдықпен таралады", — деді Гебрейесус.
Бұған дейін Алматының бас мемлекеттік санитария дәрігері Жандарбек Бекшин омикрон штамы Алматыда қашан пайда болады деген сұраққа жауап берген болатын. Бекшиннің айтуынша, омикрон штамының "келетіні анық, бірақ қай уақытта екені белгісіз".