Жарияланды: 50

"Омикрон" штамы жаппай таралғаннан кейін пандемия аяқталады, - Инфекционист

"Омикрон" штамы жаппай таралғаннан кейін пандемия аяқталады, - Инфекционист

Омикрон COVID-19-дың соңғы таралған штамы болуы мүмкін. Осыдан кейін коронавирус әлсіреп, аурудың салдары жеңілдейді. Мұндай пікірді ресейлік вирусолог, Гамалея орталығының профессоры Анатолий Альтшейн Sputnik радиосына берген сұхбатында айтты.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Альтшейннің пікірінше, "омикрон" Жаңа жылға дейін індеттің жаңа толқынын тудырады деп болжауға әлі ерте.

"Жаңа жылға дейін ол таралып үлгермейді. Мысалы, "Дельта" штамы 2020 жылдың күзінде пайда болып, шамамен 2021 жылдың мамыр-шілде айларында тарады, яғни вирустың таралуы үшін алты ай қажет болды", - деді вирусолог.

Альтшейннің айтуынша, "омикронның" қаншалықты жұқпалы екендігі белгілі бір уақыттан кейін ғана бағаланады, бірақ оның геномы туралы ақпарат вирустың бұл түрінен пайда болатын ауру басқа штамдарға қарағанда жеңіл өтетінін болжауға мүмкіндік береді.

"Вирустың бұл түрінің қызықты ерекшелігі бар: оның негізгі ақуызында (S-ақуыз) 32 мутация болады, бұл тұрақсыз геном болуы мүмкін, ол оңай мутацияға ұшырайды. Егер оның геномы тұрақсыз болса, онда бірінші кезекте ауыр салдарға әкелетін ауруды басып тастайды. Біз қазірдің өзінде жүз адам жұқтырғанын көріп отырмыз, барлығының ауруы жеңіл, ешкім көз жұмған жоқ", - деді Альтштейн.

Дәрігер омикрон штамының пайда болуы пандемияның аяқтала бастағанын білдіреді деген пікірде.

"Егер коронавирустың өлім-жітімі тұмаудан көз жұмғандар санымен теңесетін болса, онда пандемия аяқталды деп айта аламыз. Пандемия "омикронмен" аяқталуы мүмкін", - деп жалғастырды вирусолог.

Сондай-ақ РНИМУ жұқпалы аурулар және эпидемиология кафедрасының меңгерушісі Владимир Никифоров та омикрон штамының ауыр өтпейтінін айтып, бұны пандемияның аяқталуымен байланыстырды. 

"Менің ойымша, бұл қорқынышымыздың соңы болуы мүмкін. Мен бұл вирус кері қайта бастағанының алғашқы белгісі деп ойлаймын. Оны көп адам жұқтыруы мүмкін, бірақ оңай өтеді. Менің ойымша, ол әдеттегі маусымдық респираторлық инфекциялар аймағына кіре бастады", — деп ресейлік инфекционист. 

Бұл ретте ресейлік маман жаңа штамның қарт адамдарға әсері туралы нақты қорытынды жасауға әлі ерте екенін атап өтті.

 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін