«Өмірің қыл үстіндегі кезең»: Әскери барлаушы Ауғанстандағы қазақтарды көшіру операциясын егжей-тегжейлі айтып берді - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Өмірің қыл үстіндегі кезең»: Әскери барлаушы Ауғанстандағы қазақтарды көшіру операциясын егжей-тегжейлі айтып берді

«Өмірің қыл үстіндегі кезең»: Әскери барлаушы Ауғанстандағы қазақтарды көшіру операциясын егжей-тегжейлі айтып берді

HOLA News  сайтында 18 тамыз күні Ауғанстаннан қауіпсіз жерге көшіру жұмыстарына қатысты егжей-тегжейлі баяндалған материал шықты.

  • 18 Қыркүйек 2021
  • 715
Фото - Caravan.kz

Осыдан кейін Қорғаныс министрлігінің өкілдері бізбен байланысқа шықты. Біраз уақыттан кейін бір кездері ата-бабалары Ауғанстанға қашқан этникалық қазақтарды, қандастарды тарихи Отанына әкелгеннен кейін Қазақстан екінші операцияны дайындап жатқаны белгілі болды. Осы екінші кезең аяқталғаннан кейін бізге эвакуацияның қалай жүзеге асырылғанын айтып бермек-тұғын. Ведомствоның ресми өкілімен әңгімелесу жоспарланды. Алайда операцияның өзі және оның жұмысы айрықша болғандықтан, HOLA News тілшісіне сұхбатты мүлдем басқа адам берді. Әдетте, мұндай адамдардың лауазымын немесе атын ашып айта алмаймыз. Бізге сұхбат берген – ҚР Қорғаныс министрлігі жанындағы сыртқы әскери барлау өкілі. Ол операцияны ұйымдастыруға және үйлестіруге қатысты.

Оқиғаның басталуы

15 тамызда Нұрсұлтанда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ауғанстандағы ахуалға қатысты күштік органдардың басшыларымен кеңес өткізді. Кейін ол өзінің Twitter-дегі аккаунтында, «АИР»-да (Ауғанстан Ислам Республикасы) жүрген біздің азаматтарымыз бен дипломаттарымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын қабылдауды тапсырды. Қазақстан Ауғанстандағы шиеленістің ушығуына алаңдап, оқиғалардың өрбуін мұқият қадағалап отыр» деп жазды.

Президент Әкімшілігі мен Сыртқы істер министрлігіне Ауғанстанға қатысты мәселелер бойынша мемлекеттік ведомстволардың қызметін үйлестіруді тапсырды. Жазбаша бұйрық келесі күні, яғни 16 тамызда шықты. Әскерилер, дипломаттар және басқа да жауапты тұлғалар жүктелген тапсырмаларды іске асыруға кіріседі

13 тамызда түстен кейін екіде Кабулда Ауғанстан Президенті Ашраф Ғанидің қатысуымен шұғыл жиналыс өтті. Оған бірнеше дерекөздер Астананың күннен-күнге құлауға таяу екенін, тәліптердің Кабулге жақындап қалғанын жеткізді. Мемлекет басшысының ортасы оған теледидардан сөз сөйлеуге және қантөгісті болдырмау үшін отставкаға кетуге кеңес берді. Бірақ президент екеуін кейінге қалдырып, созып жүріп алды.

Оқиғалар бірінен кейін бірі тез өрбіп, тәліптер ауылдарды, ауылдардан тыс жерлерді басып алды. Кей елдімекендер ұрыссыз берілді. Алайда Ауған астанасын тәліптер санаулы сағат ішінде басып алады деген ой ешкімнің үш ұйықтаса түсіне кірмеген болатын. Бастапқыда Батыс сарапшыларының берген бағасы бойынша Кабул НАТО-ның миссиясынсыз-ақ, ауған әскерлерінің күшімен қысқа дейін шыдайтыны айтылған. Содан болжамдар 90 күнге, одан кейін бір айға дейін қысқарды. Ал Мазари Шариф, Кандагар және Герат сияқты ірі қалаларды басып алғанда соң, бір апта төтеп береді деген болжам айтылды. Қаланы басып алудан бірер сағат бұрын, екі-үш күн төтеп береді деген де әңгімелер болды.

15 тамызда тәліптер Кабулды қоршап алған кезде Президент Ғани елден қашып шыққаны бәрімізге белгілі. Қауіпсіз жерге көшірілген соң Ауғанстанның бұрынғы президенті Facebook әлемжелісіндегі бейне хабарлама арқылы американдық валютада қолма-қол ақша толтырылған сөмкелермен қашып кеткені туралы ақпаратты жоққа шығарады.

Кабулды басып алардан бір күн бұрын

14 тамызда түске дейін Кабулдан азаматтық рейстер ұшып шығып жатты. Ауғанстандағы Қазақстан елшілігі біраз уақытқа миссия қызметін қысқартты. Дипломаттардың бір бөлігі елден кетті. Сол күні елшілігіміздің тағы жеті қызметкерінің Ташкент арқылы чартерлік рейспен ұшуы жоспарланған болатын. Күннің екінші жартысында олар жоспар бойынша Хамит Қарзай атындағы халықаралық әуежайға келіп, рейске тіркеуден өтіп, ұшаққа отырғызу сәтін күтті. Бірақ бұл уақытта әуежайда толқулар басталды, содан кейін ол барлық әлемдік жаңалықтарда байқалатын құлдырау кезеңіне айналды.

«Тәліптер Кабулды қоршап алды. Әуежай қызметкерлері дүрбелеңге түсіп, барлық жұмыс орындарын тастап кетті, әуежайда тонау оқиғалары орын алып, дүкендер мен сөрелер талқандалды. Содан кейін, сіз көріп отырғаныңыздай, мыңдаған адамдар елді кез-келген жолмен тастап кетуге тырысып, ұшақтар тұратын әуеайлаққа ағылды. Сол күні кешке әуежайда диспетчерлік қызмет пен барлық азаматтық инфрақұрылым жұмысын тоқтатты, Кабулда тәртіпсіздік басталды. Үйлерін тастап кеткен адамдар елден кетуге тырысты. Елорда қоршалып, елден кетудің жалғыз мүмкіндігі әуе жолы болды, сондықтан мыңдаған ауғандықтар әуежайға қарай бет алды», – деді HOLA Newsпен сұхбаттасушы.

Тәліптер астанаға қарай жылжып, түрмедегі өз жақтастарын босатты. Сонымен қатар қарақшылық, кісі өлтіру және тонау сияқты қылмысы үшін отырғандар да шықты: «Қаланың кейбір аудандарында атыс басталды. Бұл қауіпсіздік күштерімен соғысып жатқан тәліптер ме, әлде түрмеден шыққан қылмыскерлер ме, немесе қарашылық шабуылдары ма, ол жағы беймәлім еді. Нағыз аласапыран басталды. Осылайша, біздің жеті қызметкер әуежайдан шыға алмай қалды. Олар елшілікке хабарласып, басқа әріптестеріміз оларды алып кетуге барғанша әуежайда күте тұрды», – деді әскери қызметкер, – Бұл өте күрделі жағдай болатын. Егер сіз Кабулда болсаңыз елшіліктің әуежайдан 10 шақырым қашықтықта екенін білетін боларсыз. Әуежайға жақсы көлікпен 20 минутқа жетуге болады».

Дәл осы уақытта қазақстандық елшіліктің сыртын күзетіп тұрған ауған әскерлері қалаға тәліптер кірген сәтте ақ тосқауыл бекеттерін тастап кетті. Бірнеше уақытта кейін дала командирі басшылық еткен бір топ тәліптер біздің дипломатиялық миссияның қақпасына келіп, қандай ғимарат екенін және бұнда кімдер істейтінін сұрай бастады. Дипломаттар, әскери атташемен бірге келіссөздер жүргізуге шықты. Бұл елшілік екенін білген тәліптер шетелдіктерге сыртқа шықпауға кеңес берді.

«Олар бұл қалада қауіпті екенін және ешқандай кепілдік бере алмайтынын айтты. Сондай-ақ қоғамдық тәртіпті қалпына келтірмейінше, елшіліктен шамамен үш күн кетпеуге кеңес берді», – деді әскери қызметкер.

**Менің білуімше, сыртық істер министрлігі де бұл ақпаратты растайды, елшіліктің ішін біздің шекарашылар қорғайды емес пе? **

– Рас. Елшілікті күзету жан-жақты айтқанда, ұлттық қауіпсіздік қызметінің құзыреті. Бұл жыл сайын ротацияланатын Шекара қызметінің қызметкерлері. Олардың артынан басқа шекарашылар легі ұшақ келеді, осылайша ауысып отырады.

Сол кеште қысқа келіссөздерден кейін біздің елшілік қоршауына дейінгі аралық тәліптердің қорғауында болады деген келісімге қол жеткізілді.

Кабулдың құлауы

Жаңа бейресми биліктің ұсынысына қарамастан, әуежайда қалған қызметкерлерді эвакуациялау және оларды елшілік ғимаратына қайтару туралы шешім қабылданды. 15 тамыз, жексенбі күні таңертең дипломаттар мен әскери қызметкерлері әуежайға екі көлікпен аттанды. Қалада тәліптердің блок-бекеттері орнатылды, алайда Кабулда тәртіпсіздік әлі де жалғасып жатты. Әуежайға аман-есен жеттік. Дипломаттарды алып, қалаға қайттық. Алайда қайтар жолда көліктерді тәліптер тосқауыл-бекеті тоқтатты. Қаладағы қозғалыс шектеулі болғандықтан тәліптер: Шетелдіктер елшіліктен шықпаңдар деп едік қой, қайда шықтыңдар деген сұрақтың астына алды. Дегенмен бір күн бұрынғы орнатылған байланыстың дәл сол сәтте көмегі тиді.

Бұл оқиғаны қалай ретке келтіргенін толық айтып беруді сұрғанымда, «Бұл жағдай былай болды, – деп бастады, барлаушы өкіліміз – Оларды тоқтатқанда дипломаттардың бірі өткен жолы елшілікке келген командирге хабарласты да, кешірім өтініп, бір сұрағы бар екенін жеткізді. Кері қайта алмай тұрмыз, өз адамдарыңызға айтасыз ба дейді. Ол телефонды поста тұрғандарға беріңіз деді. Аналар сол заматта-ақ беделді командирмен сөйлесіп тұрғандарын білді де, біздің көлігімізді жіберді».

«Ауғанстанда ұшу жоспарын келісетін ешкім болған жоқ»

Бастапқыда, Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Ауғанстанда дипломатиялық корпус қызметкерлерінен басқа Қазақстан азаматтары жоқ екенін хабарлады. Алайда елшіліктің есебінде жоқ адамдардың бары белгілі болды. Ахуалдың ушығуына қарай қазақстандықтар елден кетуге қол ұшын беруді сұрап, елшілікпен байланысқа шыға бастады. Олардың арасында туыстарына келгендер, жұмыс істегендер немесе бизнеспен айналысатындар, ерлі-зайыптылар және сол күндері Ауғанстанда болған басқа адамдар болды.

Оларды арнайы бортпен әкетеміз деген ой болды. Алғашында азаматтық авиациямен ұшамыз дедік. Алайда іс жүзінде бұл жоспарды жүзеге асыра аламдық.

«Кез-келген жоспардан тыс ұшатын азаматтық рейс, яғни флайт-жоспар (ұшу жоспары – автордан) құжатына сәйкес жүзеге асырылуы тиіс. Бұл құжатты сол елдің билік өкілдері келісуі тиіс. 15 тамыздағы жағдай бойынша бұл құжатты келісу мүмкін болмады. Себебі Ауғанстанның ресми билігі болған жоқ. Ғани режимі құлады, жаңа үкімет әлі құрылған жоқ. Әуежайдың азаматтық секторы жұмыс істеуін тоқтатты. Тек әскери сектор ғана жұмыс істеді. Бұл үлкен база түрік әскерінің құзыретінде болды. Мұны шетелден келгендердің бәрі білетін, онда керекті затыңды сатып алуға болады. Ал егер біреу осы секторға барғысы келсе, кіруге рұқсат алу үшін Түрік әскерилеріне баратын».

Сол сәтте АҚШ әуеайлағы көшіру мақсатында белсенді пайдаланылды. Тәліптермен жасалған келісім аясында бірнеше мыңдаған американдықтар, олардың НАТО одақтастары және жергілікті ауғандықтар 1 қыркүйектен елден кетуге мәжбүр болды. Тәліптер мерзімді ұзартпады. Ауғанстанды тәліптер басып алғаннан кейін елде қалғысы келмеген ауғандықтар әуежайға тартты. Сондықтан тағы бір бортқа рұқсат алу айға соққан жоқ.

«Елшіліктің азаматтарын жинау жұмыстары жүріп жатқан кезде, біз біздің борттың ұшуына келісім алу жұмыстарын жүргіздік. Рұқсат алып қана қоймай, біздің қауіпсіздігімізге кепілдік бере алатын жауапты адамдармен байланысқа шығуды ұйғардық. Сыртқы істер министрлігі арқылы түрлі елдермен келіссөздер жүргізілді, біз де өз арналарымыз арқылы – Брюссель, Вашингтон, Анкарамен жұмыс істедік. Біздің әскери өкілдер Брюссельдегі НАТО-да, АҚШ ҚК Орталық комитетінің штабында (USCENTCOM) (АҚШ Орталық қолбасшылығы – Орталық-Шығыс, Шығыс Африка және Орта Азия аймақтарындағы әскери іс-қимылдар жағдайында американдық әскерлердің операцияларын жоспарлауға және басқаруға жауап беретін АҚШ Қарулы Күштері құрамындағы бірыңғай қолбасшылық) арқылы шықтық. Бұдан өзге, біздің әскери атташе Түркиямен және басқа елдердің өкілдерімен мәселені пысықтауға тырысты. Біз американдықтармен, атап айтқанда Орталық комитетпен байланыс орната алдық. Алайда олар бұл тұрымтай тұсымен, балапан басымен болған жағдайда өз істері де жетерлік еді. Олар басқа елдерге, оның ішінде НАТО-ға мүше емес елдерге бей-жай қарады».

Дәл осы уақытта Қазақстанның Ауғанстандағы елшілігі шектеулі құрамда жұмыс істеді. Қысқа мерзім ішінде елшілер қазақстандықтар туралы мәлімет жинап, оларды қаладан жинай бастады. Қауіпсіздеу деген жердегілерді елшілік ғимаратына жеткізу үшін кейбіреулер өздері кетті. Эвакуацияланғандардың көпшілігі елшілікте күтті, алдымен әйелдер мен балаларды әкелуге тырысты.

Онсыз да қиын жағдайды, мысалы, эвакуация бөлшектерін келісу кезеңіндегі уақыт белдеулерінің айырмашылығы одан да күрделендіре түсті. Орталық комитеттің бас штабы Макдилл авиабазасында (Тампа, Флорида штаты) орналасқан – 10 сағаттық айырмашылығы бар, яғни олар ұйықтап жатқанда соларға қарап, жұмыс істеуімізге тура келді».

Алайда жұмыстың ең күрделісі эвакуациялауға жүзеге асыру үшiн уақыт аралығын (СЛОТ) алу болды. Әуежай айналасындағы жағдай шиенелісті, сарапшылар лаңкестік шабуылдардың болуы мүмкіндігін де айтты. 26 тамызда лаңкестер әуежайдың жанында бірнеше жарылыс жасап, жүзден астам жергілікті адамдар және АҚШ-тың 13 әскери қайтыс болды. Тездетпесек болмайтыны түсінікті еді.

«Біздің әскери өкіл рейстердің кестесімен танысқан кезде, ондағылар»: ғафу өтініп, басқалай мәліметтер 20-сынан кейін белгілі болатынын айтты. Американдықтар тамыз айының соңына дейін елден кетуге тырысты. Олар өте тығыз кестемен рейстерді қабылдап, жөнелтіп жатты. Сонда да біз олардың бірқатар ұшақтарын кейінге жылжытып, біздің ұшақты 18-і күні ұшатын етіп келістік. Мақтанғандығым емес, бұл келіссөздерден кейін біз жеңіске жеткендей болдық – американдықтармен қатар біздікілерді де қабылдап, тез арада рұқсат беру үшін келіссөздер жүргізу деген оңайға соққан жоқ. Өзіңіз де жағдайдың қалай өрбіп жатқанын байқап отырған шығарсыз. 16 тамызда өз азаматтарын эвакуациялауға мәжбүр болған Нидерланды ұшағы Кабулға қона алмай резервтегі әуеайлаққа кетті. 17 тамызда сондай-ақ Бундесвер әскери-көлік ұшағы (Германия Қарулы Күштері автордан) Ауғанстанға қона алмай, Ташкентке ұшып кетті».

Қауіпсіз жерге көшіру

18 тамыз күні таңертең Шымкент әуеайлағында ҚР ӘӘК С-295 әскери-көлік ұшағы ұшуға дайындалды. Оның ұшу жоспары келісілген, бағыты Өзбекстан мен Тәжікстан арқылы өту болатын. Бұдан әрі борт АҚШ әскери күштері бақылайтын тығыз әуе трафигі жүзеге асырылған Ауғанстанның әуе кеңістігіне кіруі керек-ті. Дегенмен бұл бағыттағы ұшу жоспары келісілмеген. Экипаждан басқа ұшаққа Қорғаныс министрлігінің Әскери арнайы мақсаттағы жасақтары (олар бортты күзетуді жүзеге асырды) және медициналық көмекке мұқтаж болған жағдайға қарай дәрігер де болды. Нұр-Сұлтан уақытымен борт Шымкент әуеайлағынан сағат 8:15-те ұшты.

Қазақстанның Кабулдағы дипломатиялық корпусы бұл ақпаратты алғаннан кейін елшіліктің көліктер легі әуежайға қарай бет алды. Жолда ол қырғыз елшілігінің легіне қосылып, олардың азаматтарын қауіпсіз жерге көшіруге көмектестік. Сол кездегі әскери әуежайға жету ең қиын сәт десем артық болмас.

«42 адамды әуежайға жеткізу оңай болған жоқ. Автобустар жоқ, көліктермен жүрдік, легіміз үлкен болды. Келісім бойынша тәліптер біздің көліктерімізді әуежайдың бақылау-өткізу пунктіне дейін алып жүрді. Тәліптер осылайша, бізді қаладағы тосқауыл-бекеттерден өтуді қамтамасыз етті».

– Бұл қарауыл жасақтар ма?

– Тәліптердің бір көлігі біздің лектің басында, ал біреуі біздің көліктердің бірінде отырды. Кез-келген сәтте құрбан болуың мүмкін. Қала ішінде жағдай да мәз емес еді. Қылмыс, қыспаққа алу, тонау, тіпті көшелерде атыс та болды. Қыспаққа алғаннан өлгендер болды. Шыны керек, Ғани билік жүргізген кезде де көшелермен жүру қауіпті болды. Дипломаттардың көлігін жару әдісі кең таралған ел – бұл дегеніміз кез-келген нашақорға дозасын берсе, машинаға магниттік мина қойып кететін. Сонымен қатар, қалада кептелістер, қозғалыс жасанды түрде шектелген. Жердегі тосқауылдар, тосқауыл-бекеттер. Бәрібір одан тез өту мүмкін емес. Әр сәт қауіпті немесе қауіптің күшейуі ықтимал. Тәртіпсіздік орнады. Тәліптер әлі ел басқаруды білмейді. Жеңген тарап ретінде ендігі олардың іс-қимылын болжап-білу де мүмкін емес.

  • Оларда ішкі бағыну сатысы бар ма?
  • Әрине. Кез-келген әскери іс-қимыл жүргізуші ел қатаң тәртіпке, талапқа бағынады. Егер бағыну болмаса, әскер жеңіске жетуі мүмкін емес. Тиісінше біз бұл жағдайды өз пайдамызға шешуге тырыстық. Шешім қабылдай алатын адамдарға шығып, қауіпсіздікті қамтамасыз етуге тырысып бақтық. Барлаушы әріптестерімнің бәрі осылай жұмыс істейді. Бізге түрлі тапсырмалар беріледі. Әр түрлі санаттағы, мейлі ол қылмыс әлемінен болсын, мейлі ол басқалар болсын, оны сендіріп, байланыс орнату керекпіз.

Әуежай

Әуежайдың әскери секторына кіретін жол бар. Бұл жолмен елден қашуға тырысқан ауғандықтардың саны аз болды. Алайда әскери база үшін бұл адамдардың саны жеткілікті еді. Әуежайға кіреберіс әртүрлі техникалық кедергілермен және тікенді сымдармен қоршаулы болды, сондықтан жолдың осы бөліктерінде тез қозғалуға мүмкіндік болмады, тіпті рұқсатсыз кірген адамның өзіне де өте алмаушы еді.

«Осындай шұғыл көшіру кезінде американдықтардың есі кетті. Әсіресе бақылау-өткізу пунктіне кім келгенін, не үшін келгенін түсініп, ұғып жатқаны болмады. Десе де дағдарыс кезінде олар берген бұйрықты қатаң сақтады – оларға ешкімді жібермей күзетуді бұйырды, олар бұйрықты бұлжытпай орындады. Сол себепті ол жерде де біраз мәселелерді шешуге тура келді. Біздікілер тағы да Орталық комитетке шығып, америкалықтар бір адамды бөлуін, ол бізбен ілесіп жүруін сұрадық. Яғни өткізу-бақылау пунктінен өткізетін, қақпаны ашып, тізім бойынша жіберетін адам сұрадық. Бұл өткізу-бақылау пункті – құжаттың көрсеттің бітті жіберетін жер емес. Көліктер белгіленген межеге дейін барады да, сосын топ жаяу ішке кіреді. Онда қоршаулар бар. Бірінші қақпадан өтесің, алайда бұл аралықты біраз жерге дейін жаяу өту керек. Оралған тікенді сымдар. Сосын тағы бірнеше күзеттер қойылған. Дегемен бұл бақылау-өткізу пунктері жұмыс істеген жоқ. Америкалықтардың өзі тікұшақтармен (қала ішінде – автордан) көшірілді. Жердегі көліктерді олар пайдаланған жоқ. Біздікілердің айтуынша адамдарды өткізу үшін оралған өткір сымдарды алып тастауға тура келді. Адамдар әрең өтті», — деді қорғаныс министрлігінің өкілі.

Ауғанстан жері әуе көлігі үшін күрделі, таулы аймақ, көріну нашарлығы немесе ауа-райы жағдайы да ұшуға қолайсыз. Диспетчерлік қызмет жұмыс істемеген сәтте ұшқыштарымыз қонатын аймаққа бортты қондыруына тура келді. АҚШ әскери күштері жерден деректерді радио арқылы беріп дыбыстық байланысқа шықты.


«Былайша айтқанда, ұшақ әуежайдан деректер ала алмайды, тек америкалықтардан дыбыстық байланысы арқылы мәлімет алып отырды. Ұшқыш бағдарлауды өз жасады, таулы жерлерде бағдарлауда оңай емес. Егер ауа райы құбылса, ол қона алмайды. Сондықтан біз түске дейін жарық кезде, жолағымыз анық уақытта ұшаққа отыруды жөн көрдік. Жаңа ғана катарлықтар жабдықтарымен ұшып кетті. Сосын әуе айлағының диспетчерлік қызмет іске қосылды. Сол кезде ештемеге қарамастан ұшаққа отырдық», — деді әскери адам.

Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 10:55-те ҚР Қорғаныс министрлігі ҚК Әскери-көлік борты Кабулға қонды. Америкалық әскери қызметкер бақылау пунктіне келгеннен кейін, Орталық комитетке берілген тізімдер бойынша бортқа отыруға тиісті әрбір адамды тексере бастады. Ұша алмағандардың бәрі қоршаудың артында қалуға мәжбүр болды. Бұл маңайда НАТО әскери күштері адамдарды, сондай-ақ олардың жеке заттарын тексерді. Қауіпсіз жерге көшірілгендердің ішінде 14 тамызда ұшып кете алмаған елшіліктің жеті қызметкері болды.

«Олар мұндай тәртіпсіздікке қарамастан, америкалықтар өте сыпайы, әдепті, әйелдерді тексеру кезінде, инабаттылық сақтағанын атап өтті», – деді барлау өкілі.

Бортқа 25 қазақстандық (10 бала), Қырғызстанның 14 азаматы мінді, Қазақстан көмектескен осы топта Ресей және Литвадан бір-бір адам болды. Сұхбат берушінің айтуынша, Ауғанстандағы Орталық Азия елдерінің дипломаттары бір-бірімен байланысып, 14-ші күннен бастап ақпарат алмасты.

«Қырғыздар да өз азаматтарын біртіндеп жинауды бастады. Бірақ Қырғызстан өз азаматтарын алып кетуі екіталай еді. Содан кейін бізден көмек сұрады. Кейбір қырғыз азаматтары атыс болған аудандарда қалып қалды. Олардың біразы әуежай маңындағы шетелдіктерге арналған тұрғын үй кешенінде және бункерде жасырынды».

Біздің ұшақ Кабулдан сағат 13:15-те ұшып шықты. Жоспар бойынша ол Шымкентке дейін май құйып, сол жерден Алматыға ұшып кетуі керек еді. Бірақ ұшқыштар отынды үнемдеп, тікелей келу бағытымен ұшуға шешім қабылдады. Сағат 16:55-те борт Алматыға келіп қонды.

Қазақстан ТМД елдерінің ішінде бірінші болып өз азаматтарын Ауғанстаннан қауіпсіз жерге көшірді: «Бұрынғы басшы – министр Нұрлан Ермекбаевтың халықтың сынына ұшырағанына қарамастан, оның осы кезеңдегі рөлін атап өткім келеді. Бәрі жылдам орындалды, бұл жерде оның ерен еңбегі болды. Оның мықты саясаткерлігінің, түрлі лауазымдарда болу тәжірибесінің арқасында ол осындай беделге ие. Сондықтан ол қоңырау арқылы кейбір мәселелерді тез шешіп, рұқсат алып, СІМ-мен еш бюрократиясыз келісе алды», – деп атап өтті спикер.

— Ал операцияға тартылған түрлі ведомстволар арасындағы өзара іс-қимыл қалай жүзеге асырылды?

— Дағдарыс жағдайында ведомствоаралық өзара іс-қимыл тәртібін айқындайтын белгілі құжат бар, бұл барлық функционалдық міндеттер жазылған министрліктер арасындағы бұйрық. Министрдің өзі мәселелерді жан-жақты зерделеді, оларды тез шешуге тырысты, елшіні жеке шақырды, жағдайды анықтады. Сондай-ақ, мұндай күрделі жағдайдағы кейбір іс-шараларды егжей-тегжейлі орындаушылардан бұрын жеке қоңырау шалып, жұмыс істеді. Мұның бәріне министрдің өзі кірісті. Осындай сәттер адамды жігерлендіреді, әрине.

– Бұл жалпы тәжірибе емес пе?

– Бұл жалпы тәжірибе емес, бізде әр түрлі деңгейдегі командирлер бар, ал бұл мәселеге министрдің өзі кірісуі, рухтандырады.

Қандастар

Тамыз айында Қазақстандағы әлеуметтік желілерде Ауғанстандағы этникалық қазақтарға көмектесу туралы үндеулер тарала бастады. Олар да өздері көмек сұрап видеолар арқылы шықты. Кеңес өкіметі орнаған жылдары, ал кейіннен 30-шы жылдардағы ашаршылықтың салдарынан бір миллионнан астам қазақ көрші елдерге қашты, олардың бір бөлігі Ауғанстанға да қоныстанған болатын.

18 тамызда өткен брифингте Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың СІМ Ауғанстанда тұратын этникалық қазақтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және олардың тарихи Отанына оралу мүмкіндігіне қолдау көрсетуді тапсырғанын хабарлады. Ол кезде Ауғанстанда 15 отбасы – 200-ге жуық этникалық қазақ тұрады деп айтылған болатын.

Сараптамалық даулар қандастарымыздың қазақ ұлтына жататындығын қалай дәлелдеу керектігі төңірегінде болды. Ауғанстанда халық санағы 1979 жылдан бері жүргізілмеген. Көптеген адамдардың төлқұжаттары жоқ, ал оларда этникалық топқа емес, елге жататындығы көрсетілген. Ел аумағында бірнеше ондаған жылдарға созылған әскери іс-қимылдарға байланысты көптеген адамдардың құжаттары жоқ. Өкілдік қызмет деректерін тексеріп, тізімдер жасай бастады. БАҚ-та және әлеуметтік желілерде этникалық қазақтар барлығы айтылды, бірақ ресми ақпарат «шамамен 200» дегенді айтты.

«Айта кету керек, Ауғанстандағы елшілік сол күндері ауқымды жұмыс істеді. Олар тізімдерді жинау, қазақтардың орналасқан жерін анықтау бойынша аса күрделі жұмыстар жүргізді. Осындай жағдайда түрлі ауылдарға барып, қайта Кабулға қайту жеңіл болған жоқ. Кейде олардың өздері бізді тауып, телефон арқылы, не әлеуметтік желі арқылы байланысқа шығып жатты.

Бұл іздеу шаралар кешені болды. Елшілік тынымсыз, жұмыла жұмыс істеді. Осы оқиғада Қазақстанның Ауғанстандағы елшісі Әлімхан Есенгелдиев, берік, шыдамды адам екенін көрсетті. Оның басшылығымен ұжым бірлесе жұмыс істеп, жемісті нәтиже көрсетті. Бұндағы оның еңбегі орасан зор», — дейді әскери ведомсто өкілі.

Операцияны 9 қыркүйекке жоспарлау туралы шешім қабылданды. Тамыз айының соңына дейін НАТО миссиясы қауіпсіз жерге көшірілді. Сондай-ақ ол кезде елшілікте қандастар тізімі де болған жоқ.

«Америкалықтар кеткеннен кейін тіпті ештеңе қалмады, әуежайда да инфрақұрылым болған жоқ. Елден кетуге келісу үшін тәліптердің жаңа үкімет құруын күту ғана қалды. Жайдан жай ұшып келу, сансыз адамның өліміне әкеп соғуы мүмкін еді. 6 қыркүйекте Ауғанстанның уақытша үкіметі құрылды. Осы кезде тәліптерден бейресми байланыстар арқылы шамамен жетісіне қарай әуежай әкімшілігі мен азаматтық авиация басшылығы жұмысқа шығатыны белгілі болды. Яғни келісуге болатын адамдар болады. Біз ұшу жоспарын сегізі немесе тоғызына қарай даярлай бастадық. Неліктен тоғызы соңғы күн болды? Себебі, оны жұма күніне сай келді, ислам елдерінде бұл демалыс, күні болып есептеледі, яғни ешкім жұмыс істемейді, келесі «11 қыркүйек» — 20 жылдық. Барлығының бізге көңіл аударатындай уақыты да болмауы мүмкін еді».

Кабулға сол сәттердерде Түркия мен Катардан әлеуметтік жүк әкелген ұшақтардан басқа, бір де бір ұшақ қонған жоқ. Әуе қатынасы тоқтатылды, қалған бірнеше шетелдіктер көліктерімен көрші елдерге көшіріліп, сол жерден әрі қарай ұшып кетті.

«9-шы қыркүйек күні тәліптер кезінде әуе байланысы арқылы қауіпсіз жерге көшіруді жүргізген әлемдегі алғашқы рейс болды. Тағы да бір айта кететін жайт, бастапқыда екінші рейсті келіспеді. Олар «бізге тек әлеуметтік көмек келеді» деп бірден айтты. Осымен бәрі бітті деп ойладық. Алайда біз тәліптерге «келіңдер» дегенде, кезінде әскерилер әуежайдың басшылығына бірден шарт қойдық.

– Қандай шарт?

– Айта алмаймын.

– Тұспалдап айтсаңыз.

– Ол жариялауға жатпайтын ақпарат.

– Жақсы. Олай болса айтыңызшы бұл – ақша ма?

– Бұл ақша да, қару-жарақ та емес. Біз заңға қайшы әрекет жасамаймыз. Тәліптер – Қазақстанда тыйым салынған ұйым. Алайда олармен бір келісімге келу керек. Және оны біз өз айла-шарғымызбен жүзеге асырдық.

Тізімді «Талибан» қозғалысының негізін қалағандардың бірі бекітті

Біздің тарап екінші рейс бойынша келісім жүргізіп, тізім жасалғаннан кейін тәліптер тізімді жоғарғы басшылық бекіту керек деген бір шарт қойды. Оны Ауғанстан уақытша үкіметінің вице-премьері, саясат кеңсесінің басшысы мулла Абдул Ғани Барадар бекітті. Соңғы 10 жылда ол «Талибан» қозғалысының нақты басшысы болып саналды. 1994 жылы Мулла Омарға («Талибан» қозғалысының негізін қалаушы) аталған қозғалысты ұйымдастыруға көмектескен.

«Тәліптер ауғандықтарға қарсы ұрысқа сыни тұрғыда бекінген. Олар бұл бірінші қауіпсіз жерге көшірілетін рейс екенін, сондықтан жоғарыдағылармен келісетінін айтты.

Тізім бірден жасалған жоқ, көп өзгерістер болды. Бірақ, біздің тараптан келісімге ұсынған адамдардың бәрін Барадар келісті. Қандастар жан-жақтан Кабулға жинала бастады. Кейбіреулері өздері, кейбіреулері біздің дипломаттардың көмегімен келді. Ол уақытта транспорт қозғалысы тәліптердің бақылауында болды. Алайда, көптеген сарапшылар атап өткендей, сыбайлас жемқорлыққа белшесінен бастқан ескі жүйедегі ауғандықтармен келіссөздер жүргізу оңайырақ болды.

Қорғаныс министрлігінің әскери-көліктік ұшағы 14:50-де сол әскери әуежайда Отанына оралатын этникалық қазақтарды күтіп тұрды. Әуежайда катарлық компания толықтай жұмыс істеп жатты. Тәліптер катарлықтармен бұрынан тығыз байланыста. Әуе навигациясы іске қосылып, қызметкерлер жұмыстарына кірісе бастады. Ал тәліптерде әуежайдың инфрақұрылымына қажетті жабдықтар мен білімді мамандар болған жоқ. Әскерилердің айтуынша қандастар қатты шошынған, соңына дейін сенбеген. Әсіресе аналар балаларын қатты уайымдады.

«Елшілікте көлік легі қайта құрылды. Ол кездегі уайым, дүрбелең, эмоция, бәрі тек борт ұшқан кезде ғана басылып, тынышталды», – дейді сұхбат беруші.

  • БАҚ-да лектегі әр көлікті екі тәліп күзетіп жүрді деген ақпарат болды. Ол қаншалықты рас?

– Тым асыра сілтеп жіберген. Әрбір көлікті демеймін, бірақ лекті бақылағаны рас. Тізім жоғарыда келісілгеннен кейін, бақылап жүрген тәліптердің саны көп болған жоқ. Кабулды басып алу кезінде тәліптер әлемдік қоғамдастықтың жағымсыз әсерін тудырмас үшін дипломаттарға қол ұшын тигізбеуге бекінген болуы керек. Сонымен қатар, тәліптер әлемге интеграция қажет екенін түсінеді. Бізде «Талибан» қозғалысы тыйым салынған топ болып саналатындықтан, хат алмасып немесе ресми арналар арқылы ресми түрде ештеңе шеше алмадық. Шарт аясында әрекет еттік.

19:55-те ұшақ Алматыға қонды. Ұшақта 41 жолаушы болған. Оның 35-і этникалық қазақтар, яғни қандастар, төртеуі қазақстандық, Қазақстанда тұратын Қырғызстанның азаматы және ауғандық.

Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің айтуынша, Кабулдағы елшілік Ауғанстанда тұрып жатқан басқада қандастармен байланыста. Олардың этникалық қазақ екенін анықтау және Отанына оралу бойынша жұмыстар жүргізуде.

«Бұған дейін де катарлықтар әуежайда навигацияны қосып, Катарға бірінші коммерциялық рейс 10-ы күні барғанын айтқан едім. Жақын арада халықаралық рейстерде ашылатын болар. Құжаттары анықталған қандастар әдеттегі ұшақтармен ұшып келуі әбден мүмкін», – дейді әскери барлаушы.

«Әскерилермен тек қана әскери қызметшілер келісім жүргізе алады»

– Операциядағы маңызды кезеңді, сіздердің ведомстволарыңыз орындаған. Бұл қалай жүргізілді?

– Ия, әскерилер көбінесе нұсқаулыққа сәйкес әрекет етеді. Бірақ, бұл жерде жетекші күштердің бірі іске кірісті. Ауғанстанда ресми билік болмағаннан кейін, барлық үйлестіру жұмыстары АҚШ ҚК орталық басшылығымен, түркиялық ҚК және де ресми қарым-қатынасы жоқ «Талибан» әскери қозғалысының әскери қызметшілерімен жүргізілді. Сол себепті, біз ресми арналар арқылы әрекет ете алмадық. Тек әскерилер ғана әскери қызметшілермен тез арада келісім жүргізе алатын болды.

Егер Президет қойған тапсырмаларды орындау қажет болса, біз жақсы нәтижеге қол жеткізу үшін барлық күш-жігерімізбен, арсеналды жұмылдырамыз. Мемлекет басшысы қандастарды елге әкелу керек деді ме, біз орындаймыз.

Біздің ведомство іс жүзінде ешқашан түсініктеме бермейміз, БАҚ-та қызметіміздің нәтижелері де айтылмайды. Біз негізінен сырт көзден тыс жұмыс істейміз. Бірақ орындалған операциялар жайлы хабарлай алатын ресми мемлекеттік органдар да бар. Ал, сыртқы істер министрлігі бұл жағдайда қолынан келгеннің барлығын жасады. Бірақ қарапайым халық мұның артында ауқымды жұмыс атқарылғанын жақсы түсінеді. Біраз адамдар тарихи Отанына оралды. Түсінікті болу үшін айта кетейін, бұл кездесудің себебінің бірі, қазіргі уақытта Қорғаныс министрлігі жайлы айтылған жағымсыз пікірлердің болуы. Түсінгеніңіздей, біз әдетте сұхбат бермейміз. Қарулы Күштер – ауқымды, күрделі, көп қырлы құрылым екенін атап өткім келеді. Менің айтайын дегенім, бізде басқа елдермен бәсекелесуге мүмкіндік беретін белгілі бір тәжірибелер де бар.

  • Сіздердің тәжрибелеріңізде осындай сипаттағы операциялар күрделі деп есептеледі ме?

– Оңай деп айта алмаймын. Кез-келген кезеңде оперцияның бұзылуы мүмкін, оның арты қауіпке әкеліп соғушы еді. Тіпті әуежайдан жеті адамды алып кету оңайға соққан жоқ, оның өзі қауіп-қатерге толы болды. Көптеген адамдар қатысқан, ауқымды жоспарланған кез-келген эвакуация кезінде әрдайым бір нәрсе ойдағыдай болмауы мүмкін. Жоспарды іске асыру алдында жағдайды бүге-шігесіне дейін саралап, өзіңе және орындаушылармен мәселені қайта қарап шығасың. Ақпаратты жинау және оны талдау да үлкен жұмыс. Мұндай жағдай күнде немесе жыл сайын болмайды, бірақ осындай жағдайларда әрекет етудің белгілі бір алгоритмі бар. Бір жерде, қандай да бір елде дағдарыстық жағдай болып жатса және онда біздің азаматтарымыз бар болса, әрине, біз оған дайынбыз.

  • Мұндай жағдайлар жиі болмайтыны анық, сіздер қалай жаттығасыздар? Жауынгерлік даярлық жағы қалай?

– Жауынгерлік даярлықты сақтауға мүмкіндік бар. Белгілі бір жобалар да бар. Біз әрқашан дайындық үстіндеміз, ақпарат жинауға бірден кірісп кете аламыз. Әрдайым алдын-ала жоспарлап, барлығын тиянақты түрде атқарамыз. Әртүрлі аймақтардағы әскери-саяси ахуалды қадағалаймыз. Егер дағдарыстың басын еңсерсек, әрі қарай кірісеміз. Себебі біздің көмегіміз қажет болуы ықтимал.

– Осы атқарылған жұмыс нәтижесі бойынша қандайда бір қызметкерлер марапатталды ма?

– Ия, болады. Бірақ ол маңызды емес.

Сурет және бейне материалдарды Қорғаныс министрлігі ұсынды

* «Талибан» – Қазақстан аумағында тыйым салынған топ.

** HOLA News-тан түскен сауалға (шығ. №119) ҚР СІМ баспасөз қызметі жауап берді: «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 66 бабына сәйкес ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің міндеттеріне Қазақстанның шет елдердегі мекемелерін күштік тұрғыда қорғауды жүзеге асыру кіреді. Бұл күштік қорғауды ҚР Сыртқы істер министрлігіне іссапарға жіберілген ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің әскери қызметшілері жүзеге асырады.

Соңғы жаңалықтар