Омскіде Ресей мен Қазақстан арасында дипломатиялық қатынас орнауының 15 жылдығына орай салтанатты қабылдау өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Омскіде Ресей мен Қазақстан арасында дипломатиялық қатынас орнауының 15 жылдығына орай салтанатты қабылдау өтті

Омскіде Ресей мен Қазақстан арасында дипломатиялық қатынас орнауының 15 жылдығына орай салтанатты қабылдау өтті

Павлодар. 22-қараша. "Қазақстан Бүгін" - Омскіде Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасының арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнауының 15 жылдығына орай Қазақстан Республикасының Омскідегі елшілігі мен Ресейдің Сыртқы істер министрлігінің Омскідегі өкілдігі ұйымдастырған салтанатты қабылдау өтті. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне Омск облысының әкімшілігінен хабарлады.

  • 23 Қараша 2007
  • 701
Фото - Caravan.kz

Облыс әкімшілігінің хабарлауынша, мерекелік кездесуге аймақтық министрліктердің басшылары, федералдық құрылымдардың өкілдері қатысты.

Облыс әкімшілігіндегілер Омскіде Қазақстан Республикасының елшілігі — Қазақстан Республикасының Сібірдегі алғашқы шетелдік өкілдігі ашылғандығын еске сала кетті.

«Омск аймағы екі елдің шекаралық ынтымақтастық орталығы болып танылған»,- деп атап өтті облыс әкімшілігіндегілер. Олар сондай-ақ «елшіліктің ашылуы мемлекетаралық қатынастарға оң ықпалын тигізіп, ынтымақтастық географиясын кеңейтуге және Ресей мен Қазақстан кәсіпорындарының арасындағы байланыстарды дамытуға себепші болады» деп қосты.

«Қазақстан Республикасы бүгінгі күнде Омск облысының ірі сауда-экономикалық серіктестерінің бестігіне кіреді. Омск облысы басшылығының Қазақстанмен арадағы ынтымақтастықты дамытуға бөліп отырған ықыласы ешқашан мемлекетаралық деңгейде аталған емес»,- деп хабарлады омск губернаторының баспасөз қызметінен.

Бұрын хабарлағанымыздай, Қазақстан ТМД елдері аясында Омск облысының сауда серіктестерінің ішінде алдыңғы орынға ие. Яғни, Омск облысы мен Қазақстанның арасындағы тауар айналымы 2006 жылы 437 млн АҚШ долларын құраған. Омск облысының сыртқы сауда айналымының бестен бір бөлігі Қазақстанның үлесінде. Қазір облыс аумағында 30-дан астам ресей-қазақстандық кәсіпорындар жұмыс істейді.

Облыс әкімшілігіндегілер сондай-ақ, Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасының шекаралық ынтымақтастығы жөніндегі 1999 — 2007 жылдарға арналған бағдарлама аясында Омск облысы шекаралас жатқан көрші облыстармен экономикалық, ғылыми-техникалық ынтымақтастық туралы бірқатар екіжақты келісімдер жасаған. Қазір аймақ Ресей Федерациясы субъектілерінің арасында көршілермен экономикалық ынтымақтастық жасауда алдыңғы орынға ие.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті