Омыртқасын қалпына келтіру бойынша күрделі ота Оңтүстік Кореяда 25 сәуірде жасалды. Бұл -жас емделушінің омыртқа өзегінің негізгі бөлігіне жасалған бірегей үшінші ота.
«Корея дәрігерлеріне алғысым шексіз. ШҚО мен Кореяның басшылығына екі ел арасын жалғаған достық көпірі үшін ризашылығымды білдірігім келеді. Кореядан Қазақстанға дейін жүрек пен жүректі жақындастыратын ерекше жан жылуы бар», — деді Ақеркенің анасы Альмира Нұрсұлтанова көз жасын жасыра алмай.
Ота Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі мен Оңтүстік Кореяның «Каннам Северанс» клиникасы арасындағы ынтымақтастық негізінде жасалды. Қазіргі кезде жас емделуші реабилитациядан өтуде.
Ота жасауға осыдан 4 жыл бұрын құрылған «Парыз» қайырымдылық қорының қаражаты жұмсалды.