Он алты бөлімді "Кейкі мерген" тарихи драмасының саундтрегі шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 479.26
  • 546.21
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
2 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Он алты бөлімді "Кейкі мерген" тарихи драмасының саундтрегі шықты

Он алты бөлімді "Кейкі мерген" тарихи драмасының саундтрегі шықты

Көп сериялы драма "Қазақстан" ұлтық арнаынан көрсетіледі

  • 14 Қараша 2018
  • 1145
Фото - Caravan.kz

Бұл жайлы ұлтық арнаның басшысы Ерлан Карин өз парақшасында жазды деп хабарлайды Caravan.kz медиа-портлы. 

Құрметті достар!
Алдағы уақытта, яғни желтоқсан айында Ұлттық арнада корпорациямыздың тапсырысы бойынша түсірілген 16 бөлімді «Кейкі мерген» тарихи драмасының тұсаукесері болады деп хабарлаған болатынбыз. Бұл туынды Кейкі батырдың өмірі мен мергендігін, бір ғасыр бұрынғы қазақ халқының тағдыры мен сол кезеңдегі оқиғаларды суреттейді. Бүгін осы телехикаяның саундтрегін өздеріңізге ұсынбақпыз. Саундтректің композиторы әрі орындаушысы Ұшқын Жамалбек, сөзін жазған Сержан Закерұлы, деп жазды Карин мырза.

Кейкі Көкембайұлы Ресей патшасының 1916 жылғы маусым жарлығы себеп болған Торғай қазақтарының ұлт-азаттық көтерілісіне алғашқы күндерінен белсене араласып, сол көтерілісті ұйымдастырушылардың бірі болды.

Кейін Кейкінің артынан аңдып жүрген қызыл әскердің солдаттары айуандықпен өлтіреді. Олар мергеннің екі қолы мен басын кесіп алады. Оның алғашында Орынборға, кейін Санкт-Петерборға алып кеткен.


Еске салсақ, батырдың бас сүйегі тек өткен жылы ғана елге әкелініп, жер қойнына тапсырылды.