Он екі айдың сұлтаны – Рамазан айы келіп жетті! - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Он екі айдың сұлтаны – Рамазан айы келіп жетті!

Он екі айдың сұлтаны – Рамазан айы келіп жетті!

Он екі айдың сұлтаны – Рамазан айы да басталды. Бұл айда мұсылман жұрты ауыз бекітеді. Жан басына есептеп пітір садақа береді. Осы айда ғайбат сөздерден аулақ болып, таза киініп және жаман ойлардан аулақ болу керек. Ал Ораза ұстаған адамға Алланың берер сауабы мол. Сондықтан бұл айды имандылыққа әдеттегіден басымырақ мән беріп, маңызды етіп өткізген жөн. Исі мұсылман рамазан айында ораза ұстайды, ауыз аштырады, тігінен-тік тұрып, тарауих және Құран хатымға қатысады, пітір садақаларын береді, тақуа болады, рухани байып қалады.

  • 2 Тамыз 2011
  • 708
Фото - Caravan.kz

Оразаның басталғанын ең бірінші болып сезінгендер Халал тағамдарын дайындайтын дәмханалар десе болады. Қазір олардың күні бойғы жұмысы біраз жеңілдеген. Бірақ асханадағы жұмыстары бір сәтке де тоқтар емес. Бұл аспазшылар дәл қазір кешкі ауызашарға дайындалу үстінде. 

Мухаммед Ян, аспаз:

— Рамазан айының басталып кеткенін байқау қиын емес. Өйткені күнделікті ас ішуге келіп жүрген адамдар мүлдем азайды. Әсіресе түскі ас кезінде. Ол түсінікті де. Есесіне кешкі ауызашарға қазірден бастап тапсырыс беріп, орын алып қойып жатқандар бар . 

Құран Кәрімнің түскен күні мен қасиетті Қадір түні де осы Рамазан айында. Сол себепті бұл айдан мұсылман жұрттың алары көп. Өйткені басқа күндерде істеген жақсылықтың сауабы санаулы болса бұл айда істеген жақсылығыңызға Алланың берер сауабы шексіз.   


Ербол Мәмбетов, Астана қаласындағы Сәдуақас қажы Ғылмани атындағы мешіттің найб-имамы:

— Пайғамбарымыз айтады: Рамазан айының бастапқы 10 күндігі ол рахмет күндері дейді. Ортасы Маһфрет – күнәлардың кешірілетін күндері дейді. Соңғы күндері Алланың тозақ отынан құтқаратын күндері дейді. Яғни Рамазанның бір күні, әр сәтінің өзінің үлкен мәнісі бар. Яғни күндердің өзін солайша қадірлеп отыр Алла.

Бұл айдың тағы бір ерекшелігі тозақтың есігі тас жабылып, шайтандардың шынжырланатын уақыты. Ал жұмақ есігі бұл күндері айқара ашық болады. 

Соңғы жаңалықтар