Өндірісті Қазақстан инновациялық Қазақстанға айналуға тиіс - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өндірісті Қазақстан инновациялық Қазақстанға айналуға тиіс

Өндірісті Қазақстан инновациялық Қазақстанға айналуға тиіс

Астана. 12-қазан. "Қазақстан Бүгін" - "Заманауи әлемде инновацияны енгізіп, инновациялық көшбасшылыққа қол жеткізген мемлекет қана жеңіс пен жетістікке қол жеткізе алады, сондықтан да өндірісті Қазақстан инновациялық Қазақстанға айналуға тиіс",- деп мәлім етті Н. Назарбаев бүгін "Қазақстан -2030": алғашқы онжылдық қорытындысы және келешек" атты халықаралық конференцияда сөйлеген сөзінде, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

  • 12 Қазан 2007
  • 499
Фото - Caravan.kz

«Біз дүниежүзілік нарықта бәсекелестікке қабілетті жоғарғы технологиялық өнім шығаратын ел болуға тиіспіз. Сонымен қатар қазақстандықтардың өмір сүру қалпын әлемнің дамыған елдерінің деңгейіне дейін көтеруге тиіпіз»,- деп қосты Н: Назарбаев.

«Біз Қазақстанды дамытудың ұзақ мерзімді стратегиясын табысты жүзеге асырудамыз, алға қойған міндеттеріміздің бір бөлігі өз шешімін тапқан, бірқатар міндеттерді алдағы жылдарда шешетін боламыз. Біз жолымыздың үштен бір бөлігінен ғана өттік, бірақ бұл жолды барлық параметрлері бойынша асыра орындадық»,- деген сенімде ол. «Алда көп нәрселерді атқару күтіп тұр, Қазақстанның 2030 жылға дейінгі дамыту стратегиясының негізгі мақсаты бұрынғыдай қала бермек — біздің мемлекетіміз 2030 жылы дүниежүзінің ең дамыған елдерінің қатарына кіруге тиіс. Және де біз халқымыз үшін осы үлкен мақсатқа қадам басатын боламыз»,- деп қосты президент.

«Бірақ осы мақсаттарға жету үшін бізге еліміздің бүгінгі ғана емес, ертеңгі әл-ауқатына негіз болатын үш нәрсе туралы әркез есімізде сақтауға тиіспіз: бұл халықтың иланымы мен сенімі, бұл жоғары деңгейде дамыған адами капитал, ішкі саяси тұрақтылық пен ұлттық тұтастық»,- деп жалғады өз сөзін Н. Назарбаев. «Және де біз еліміздің өркендеуінің негізін құрайтын осынау шешуші құндылықтар мен ұлттық игілігімізді баршамық бірлесе сақтауға тиіспіз»,- деп қорытындылады ол.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті