Өнер мектебін бітірген балалардың көбі грантқа түседі – Дархан Қуандықұлы - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өнер мектебін бітірген балалардың көбі грантқа түседі – Дархан Қуандықұлы

Өнер мектебін бітірген балалардың көбі грантқа түседі – Дархан Қуандықұлы

Эстетикалық талғам мен көзқарасты қалыптастыру - өнерге, білімге мұқият зейін салуды талап етумен қатар, балалардың ақыл-ойын, дүниетанымын дамытады.

  • 19 Наурыз 2021
  • 139
Фото - Caravan.kz

Ал Шығыс Қазақстанда аталған маңызды мәселеге барынша мән беріліп отыр. Өңірде соңғы жылдары балалардың өнерге деген қызығушылығы артып келе жатыр.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталына Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «Жұлдыз» балалар өнер мектебі» директоры Дархан Қуандықұлы Қасенов айтып берді.

— Өскемен қаласындағы «Жұлдыз» балалар өнер мектебі» 2008 жылдан бері жұмыс істеп келе жатыр. Жалпы Өскемен қаласында жалғыз өнер мектебі бар. Өйткені, осыдан 3-4 жыл бұрын қайта құру болған. Қаламыздағы барлық өнер мектептері қосылып, үлкен өнер ордасына айналдық. Бұл жерде 7300 оқушы қосымша білім алады. «Жұлдыз» өнер мектебінде балаларды мектептен тыс 9 бағыт бойынша өнерге баулимыз. Атап айтқанда хор-вокал сыныбы, эстетикалық дамыту сыныбы, бейнелеу және қолөнер, көркемсөз сыныбы, аспаптар сыныбы, фольклор, көркемсурет сыныбы. Жалпы қаламыздағы 33 мектептің оқушылары бізден қосымша білім алады. Оқушыларға ыңғайлы болу үшін біздің ұстаздарымыз көбіне сол мектептерге өздері барып сабақ береді. Өйткені 7300 баланы бір ғимаратқа сыйғызу мүмкін емес. Бізде 9 бағыт бойынша 117 ұстаз бар.

 

— 7000 нан аса бала қатысады дедіңіз, сол оқушылар көбіне қай бағытты таңдайды?

— Бізде көбіне домбыраға әуестік бар, сосын би жағына қызығушылық басым. Көбіне бастауыш сыныптың балалары биге қатысады, өйткені онда топтық жүйе ғой. Сосын домбыра сыныбы бойынша «Мұрагер» деген ансамбль бар. Абдулхамит Райымбергеновтың «Мұрагер» бағдарламасы бойынша үйретіледі. Одан бөлек балаларымыз вокалға жақын, сурет өнері мен көркемсөзге де ұмтылыс басым. Жалпы барлық 9 бағытқа да жақсы қатысуда.

— 2008 жылдан бері жұмыс істеп жатыр екенсіздер. Жалпы қазір балалардың бұрынғы жылдармен салыстырғанда өнерге деген қызығушылығы қалай?

— Бұрынғы жылдармен салыстырған балалардың өнерге жақындығы, қызығушылығы өсіп келе жатыр. Тек карантинге байланысты бәсеңдегені болмаса. Әйтпесе жылдан жылға үйірмеге келіп жатқан бала саны көбейіп жатыр.

— Сіз өзіңіз бейнелеу өнері бойынша балаларға сабақ бересіз. Осы бағыттың өзге бағыттардан артықшылығы мен пайдалы тұстарын атап өтесіз ба?

— Бейнелеу өнерінің ең бір пайдалы тұстары, әсіресе баланың ойлау қабілетін дамытады. Өйткен бала сурет салу үшін әлдебір бейнені көз алдына елестетеді, ойлайды. Есте сақтау қабілеті дамиды, бір көрген нәрсесін ұмытпауға және соны салуға тырысады. Осындай қабілеттері ашыла түседі. Жоспарлау, үнемдеу сияқты қасиеттері іске қосылады. Қолының моторикасы жақсы жетіледі. Өйткені қылқаламмен жұмыс істейді, өшіргішпен жұмыс істейді, оның бәрі саусақтарына өте пайдалы.

— Сурет өнеріне қатысқысы келген балаларды қалай қабылдайсыздар, іріктеп аласыздар ма, әлде қалауы бойынша қабылдай бересіздер ме?

— Бізде бейнелу өнері, қолөнер және көркемсурет үйірмесі деген бар. Көркемсурет бөлімінде сурет өнері кәдімгідей тереңдетіп оқытылады. Онда барлық сала бойынша, атап айтқанда: композиция, мүсіндеу, кескіндеме, графика барлығы қамтылады. Ол жерде 6 жастан бастап қабылданады. Бастауыш буын, орта буын және жоғарғы буын деп бөлінеді. Осының бәрін оқып шығады.Бастауышта оқиды, одан кейін 10 жастан 14 жасқа дейін орта буынға келеді, одан кейін жоғарғы буынға ауысады. Бұл көркемсурет бөлімінде оқушылар үлкен жетістікке жетіп отыр. Өйткені республикалық, халықаралық сайыстарға көп қатысамыз. Атап айтсақ, осы жылы Беларусияда өткен байқауға жіберілген суреттеріміз жүлдеге ілікті, яғни 5 баламыз екі орын иеленді. «Мозырская палитра» деген альбом шықты, оған біздің балалардың суреттері енді. Одан кейін Абайдың 175 жылдығы болды. Онда «Абайдың қара сөздері» деген үлкен республикалық конкурс болды. Соған арнап балалар Абайдың әр қара сөзіне иллюстрация жасап, сурет салды. Онда біздің 13 баламыз жүлделі орынға кірді және сол кітаптың алғы сөзіне суреті шықты. Сосын бізде жылда Чехияда өтетін «Лидице» деген үлкен халықаралық конкурс бар. Ол жаққа да суреттеріміз жіберілген. Біздің балаларымыз үш орын алды, бас жүлде, бірінші, екінші орын. Одан бөлек республикалық конкурс бар «Балалар әлемді бейнелейді» деген. Ол жерге биыл 234 сурет жібергенбіз, соның 60-ы жүлделі орынды иеленді. Балалар жас ерекшелігіне қарай бөлінеді ғой. Одан бөлек Жапония, Мәскеу, Украина сияқты елдерде өтетін конкурстарға қатысып, жүлделер алып жүрміз.

 

— Жалпы балалар қандай тақырыпта сурет салғанды ұнатады?

— Балалар көбіне еркін тақырыпты жақсы көреді. Әсіресе табиғаттың суретін салғанды ұнатады. Жаз кездерінде қала күндері болады, сонда далаға шығып асфальтқа сурет саламыз. Сол уақыттарда балалар өздерінің шығармашылықтарын көрсетеді. Жалпы әр мереке сайын сол мейрамға байланысты суреттерді беріп отырамыз.

— Айтыңызшы, баланы 6 жастан бастап қабылдайсыздар. Ол бала жақсы нәтижеге жету үшін шамамен қанша уақыт керек?

— Қазіргі заманда қанша оқысада артық болмайды. Әр кез сайын, бала өскен сайын оның сабағы күрделеніп отырады. Мысалы, биыл бояудың бір түрін өтсек, келесі жылы басқа қырын меңгереді. Сондықтан жыл сайын оқиды, жыл сайын үйреніп отырады. Дамытып отырады, өзі де ізденеді. Біздің міндетіміз баланы болашаққа дайындау. Өйткені әр баланың қабілеті әр түрлі. Көпшілігі бітіріп шыққан соң архитектор, дизайнер мамандығын таңдап жатады. Кейбірі ата-анасының ұсынысымен келіп жатады, кейбір балалар өз қалауы бойынша келеді. Өздері таңдап келген балаларға жеңіл болады. Өйткені олар өздері шын пейілімен келгендер.

— Бізде қазір мектептерде сурет сабағы деген бар ғой, оған бөлінетін сағат жеткілікті деп ойлайсыз ба?

— Жеткіліксіз. Қазіргі орта мектептерде еңбек сабағы мен сурет сабағын қосып тастады.Көркем еңбек деп аталады. Оған көп сағат бөлінбейді. Ол мүлдем дұрыс емес. Өйткені бала кішкентай кезінде сурет салу керек. Бояулардың түр-түрін пайдалану керек. Көп ата-аналар да баланы ағылшынға, математикаға баулимыз деп, эстетикалық бағыттан кішкене алшақтап кетті. Сондықтан баланы суретке берген дұрыс. Сурет баланың жан жақты ойлауға, бір сөзбен айтқанда баланың жоспарлау қабілетін ашады.

— Әр түрлі отбасы болады. Балаларын үйірмелерге бергісі келеді, бірақ әлеуметтік жағдайы сын көтермейді. Осы жағынан қандай да бір жеңілдіктер қарастырылған ба?

— Көбінесе сондай балаларға көңіл бөлеміз, ондай балаларды көбірек тартамыз. Жағдайларын жасап, бос уақыттарын тиімді өткізуге ат салысамыз. Көбіне біз мектеп әкімшілігімен тығыз байланыста боламыз. Сол арқылы мұндай балаларды өзімізге тартамыз.

— Өнер мектебін арнайы демеушілер қаржыландыра ма, әлде өз өздеріңізді қаржыландырасыздар ма?

— Бізде көркемсурет бөлімі өз өзімізді қаржыландырамыз. Бірақ жалпы біздегі бір қиыншылық жеке ғимаратымыз жоқ. Мектептің бір жақ қанатында отырыз. Кабинеттердің аздағы кедергі. Бізге жеке ғимарат болу үшін әр үйірмеге жеке бөлме, студия болу керек қой. Қала әкімшілігі қарастырамыз деп уәде берген. Қазір соны күтіп отырмыз. «Өз үйім өлең төсегім» дейді емес пе. Бұл жерде өзіміздің акт залымыз болу керек. Биге, вокалга басқа үйірмелерге арналған студиялар болу керек. Ол балаларға да қызық болар еді.

— Бітіргеннен кейін түлектеріңіздің осы саланы таңдап жатқандары бар ма?

— Бітіргеннен кейін көбі осы сала бойынша гранттарға түседі. Біразы Қазақстандағы оқу орындарына түседі және Ресейдегі оқу орындарына барады. Өйткен Ресейде осы суретке байланысты оқу орындары көп.

Рахмет.