Өнеркәсіп өнімдерін өндірушілердің бағалары маусымда 3,4%-ға арзандады
Қазақстанда маусым айында өнеркәсіп өнімдерін өндірушілердің бағалары осының алдындағы аймен салыстырғанда 3,4%-ға арзандады,делінген ҚР статистика жөніндегі агенттігінің ақпаратында. |
Құжатқа сәйкес, маусымда өнеркәсіп өнімдерін өндіруші кәсіпорындардың баға индексі мамырға қатысты 96,6% құрады. Өндірістік өнім 3,6%-ға арзандаса, өндірістің қызметтердің бағалары өзгерген жоқ. Тау-кен өндіру өнеркәсібінде баға 4,8%-ға, өңдеуші өнеркәсіпте 0,7%-ға арзандады.
Өткен айда газ конденсатының бағасы 7,9%-ға, металл кендері 6%-ға, мұнай 4,6%-ға, дизель отыны 3,5%-ға арзандаса, сұйытылған пропан мен бутан 8,2%-ға, отындық мазут 8%-ға, бензин 4,7%-ға қымбаттады.
Бір айдың ішінде бағалы металдар 7,3%-ға, мыс 5,4%-ға, алюминий 3,5%-ға, ферроқорытпалар 2,4%-ға арзандап, қорғасын 10,2%-ға, қара металл прокаты мен мырыш 0,6%-ға қымбаттады.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін