«Өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі бір күрделі проблема негізгі өндірістік қордың аса тозуы себеп. Бұл жайт бізден өнеркәсіптік қауіпсіздікті қадағалауды күшейте түсуді талап етеді», — деп мәлімдеді В. Божко.
Оның мәліметінше, «тек қана тау-кен шикізатын өндіру, химия өнеркәсібі салалары бойынша ғана құрал-жабдықтардың тозуы 39% құрайды». Осы орайда «бірқатар кәсіпорындарда жаңалау шаралары өте баяу жүргізілуде, ал, мысалы, Қарағандыдағы көмір шахталарында еңбек өнімділігі үш есе өскен».
«Мұнай және газ құбырларының шамамен 80% 20-30 жыл бойы жөндеусіз жұмыс істеп келеді. Су астында қалған мұнай құбырларын жою жұмыстары өте баяу жүргізілуде, ал ондайлар біздің батыс өңірлерімізде 150-ге жетеді», -деді министр.
Сонымен бірге, ТЖМ мәліметінше, «республика бойынша 7346 қазандықтың 1200 -і тозған, бұл азаматтарға жылу беруді қыс ішінде доғаруға жиі алып келеді». Сондай-ақ, елімізде «қысым астында жұмыс істейтін 23983 сосуд бар, олардың 2523-і нормативтік мерзімін өтеген».
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті