Айта кету керек, Алматыда 1 наурыздан бастап «ОҢАЙ» электронды жол жүру билеттері сатыла бастады. Жол жүру билеттерінің 4 түрі бар. Жолаушылар барлық санаттағы азаматтарға арналған, мектеп оқушыларына, студенттерге, зейнеткерлерге арналған жол жүру билеттерін пайдалана алады.
Бірыңғай жол жүру картасының құны 7 200 теңге болса, əлеуметтік жол жүру картасының құны — 2 000 тенге, оқушылардың билеті 1 000 теңге, студенттер үшін жол жүру билеті 3 000 теңге тұрады.
Аталған электронды билеттерді айдың алғашқы 15 күнінде «QIWI» онлайн төлем терминалы арқылы толықтырып, келесі айда да қолдануға болады.