Бұл үлкен медициналық қателік боп есептеледі, деп хабарлайды Caravan.kz порталы "Адырна" сайтына сілтеме жасап.
Ақпарат көздерінің айтуынша, Хельвес муниципалитетіндегі колледждің оқытушылары (Севилья провинциясы, Андалусия автономды қауымдастығы) 4 маусым күні вакцина салдырды. Кейін, дәрігерлер оңбай қателесіп, мұғалімдердің әрқайсысына алты дозадан тұратын Pfizer вакцинасын екті.
Алайда, ұстаздар вакцинадан соң ешқандай кері әсерін байқамаған. Олар қалыпты өмірін жалғастырып, қазір өз жұмыстарында жүр.