Өңдеуші өнеркәсіпке 17 млрд. доллар көлемінде инвестиция тартылды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өңдеуші өнеркәсіпке 17 млрд. доллар көлемінде инвестиция тартылды

Өңдеуші өнеркәсіпке 17 млрд. доллар көлемінде инвестиция тартылды

Экономикалық дұрыс саясаттың арқасында әлем елдері Қазақстанға сеніммен қарайды.

  • 26 Мамыр 2015
  • 460
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы бүгін Қазақстандағы индустрияландыру жөніндегі конференцияда ҚР Инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешев мәлім етті.

«Қазақстанда іскерлік климат айтарлықтай жақсарды. Тұрақтылық пен Елбасының экономикалық саясатының арқасында әлем елдері Қазақстанға сеніммен қарайды. Инвестициялар бойынша посткеңестік кеңістікте біз ең тартымды мемлекеттердің бірі болып табыламыз. Индустрияландырудың бірінші бесжылдығында тек өңдеуші өнеркәсіпке 17 млрд. доллар көлемінде инвестиция тартылды», — деді министр.

Оның сөзіне қарағанда, өңдеуші өнеркәсіптің құрылымы сапа мен көлем жағынан өзгеріске ұшырады. Бұл тұрғыда химиялық өндірістер қалпына келтіріліп, жаңғыртылды, сондай-ақ жинақтаушы өндірістер дами бастады.