Оңтүстік Африкада қазақ дипломаттары тоналды - kaz.caravan.kz
  • $ 468.88
  • 534.1
+34 °C
Алматы
2026 Жыл
15 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оңтүстік Африкада қазақ дипломаттары тоналды

Оңтүстік Африкада қазақ дипломаттары тоналды

Оңтүстік Африкада қазақ дипломаттары тоналды. Сыртқы істер министірінің орынбасары бастаған делегацияға қарулы қарақшылар шабуыл жасаған. 

  • 12 Қазан 2013
  • 291
Фото - Caravan.kz


Вице-министр Қайрат Сарыбай оңтүстікафрикалық әріптестерімен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың осы елге желтоқсанда жоспарланған іс-сапары туралы келісуге барған екен. Алайда Претория әуежайына апаратын жолда мұздай қаруланған топ қазақстандық делегация мінген көлікке бас салып, бар құнды заттарын жымқырған. Қарақшыларды қазір жергілікті полиция іздестіріп жатыр. Ал еліміздің Сыртқы істер министрлігі бұл оқиғаға қатысты қандай да ақпарат беруден бас тартып отыр. Жалпы, бұл мемлекетте шетелдік шенеуніктерге шабуыл жиі болады екен. Жуырда ғана Нигерия елшісінің орынбасары да дәл осындай қарақшыларға жемтік болған.