Жарияланды: 530

"Оңтүстік" ӘКК Еуропаға 4 мың тоннаға жуық қауын жеткізуді жоспарлауда

Шымкент. 8 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - "Оңтүстік" ӘКК Еуропаға 4 мың тоннаға жуық қауын жеткізуді жоспарлауда. Бұл туралы "Оңтүстік" ӘКК ҰК"АҚ басқармаларының төрағасы Асқар Мырзахметов өз баяндамасында мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Қазақстан өнімдерін экспортқа шығару қажеттігін ескеріп, ағымдағы жылы Еуропаға 4 мың тонна қауын шығарылады. Ол үшін еуропалық стандарт талаптарына сай жабдықтар сатып алынды", -деді А. Мырзахметов. Бүгінде 10 сервистік-дайындау орталықтары жұмыс істеуде. Олар республика бойынша 1 200 тонна жеміс пен көкөніс тасымалдады. Ағымдағы жылы жалпы 14 сервистік-дайындау орталықтарын құру жоспарланған. "Өнімнің өзіндік құнының 60% -ын көлік шығындары құрайтындықтан, оны арзандату үшін біз транспорттық компания құрып, 23 жүк және шағын тоннажды автокөлік сатып алынып, БРК-лизинг компаниясынан тағы да 60 рефрижераторды 980,9 млн теңгеге сатып алуға келісім алдық", - деді А. Мырзахметов. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть