"Оңтүстік" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының басшылығы индустриялық аймақтардың мамандануын анықтады - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+9 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Оңтүстік" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының басшылығы индустриялық аймақтардың мамандануын анықтады

"Оңтүстік" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының басшылығы индустриялық аймақтардың мамандануын анықтады

Шымкент. 15-ақпан. "Қазақстан Бүгін" - "Оңтүстік" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының басшылығы оңтүстіктегі үш облыс бойынша индустриялық аймақтардың мамандануын анықтады. Бұл туралы тілшілерге "Оңтүстік" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ұлттық компаниясы" АҚ активтерін басқару департаментінің бас менеджері Әсел Жүнісова хабарлады.

  • 15 Ақпан 2008
  • 436
Фото - Caravan.kz

Оның айтуынша, бұл мамандану бойынша Қызылордада кальцийлі сода, күріш майы, жоғарғы сорт тұзы, құрылыс материалдарының өндірісіне, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеуге басымдық беріледі.

Тараздағы индустриялық зона ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеуге, құрылыс индустриясы мен мұнай химиясына маманданады.

«Ал Шымкентте мотор, трансмиссиялық, турбиналық және компрессорлық майларды шығаруға, мұнай өңдеу өнеркәсібіне, техникалық кремний өндірісіне, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеуге, құрылыс индустриясына басмыдық берілмек», — деп хабарлады Ә. Жүнісова.

Бас менеджердің айтуынша, қазіргі уақытта үш облыс орталығында инфрақұрылым құру үшін жер учаскелерін бөлу, қаржыландыру және техникалық-экономикалық негіздемесін жасау мәселелері талқылану үстінде.

Бұрын хабарлағанымыздай, «Оңтүстік» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы ҚР президентінің 2007 жылғы 20-сәуірдегі жарлығымен құрылған. «Оңтүстік» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының негізгі қызметі Жамбыл, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстарының экономикалық дамуына ықпал ету болып табылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті