"Оңтүстік" арнайы экономикалық аймағында инфрақұрылым төсеу бойынша жұмыстар қайта жанданды - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Оңтүстік" арнайы экономикалық аймағында инфрақұрылым төсеу бойынша жұмыстар қайта жанданды

"Оңтүстік" арнайы экономикалық аймағында инфрақұрылым төсеу бойынша жұмыстар қайта жанданды

Шымкент. 4 шілде. "Қазақстан Бүгін" -"Оңтүстік" арнайы экономикалық аймағындағы жұмыстарды қаржыландыру қайта жанданды, 15 шілдеден бастап алаң ішіндегі инженерлік желілерді төсеу жұмыстары басталады. Бұл туралы баспасөз мәслихатында "Оңтүстік" арнайы экономикалық аймағының директорының орынбасары Нұрмұқан Сарыбаев хабарлады.

  • 5 Шiлде 2008
  • 489
Фото - Caravan.kz

«Ақша облысқа келді. 15 шілдеде мемлекеттік сатып алу бойынша тендер өткізіледі. Сосын алаң ішіндегі инженерлік желілерді төсеу жұмыстары басталады. Бұрын магистральдық желілер төсеуге және қосалқы станцияны салуға қатысқан және жұмыстарын өз қаражаттарына жалғастырған біздің мердігерлерімізге қаражат кешіктірілмей қайтарылады», — деп хабарлады Н. Сарыбаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті