Баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, Кореяның энергетикалық компаниясы (KOPEC), Корея шетелдік инфрақұрылымдарды дамуту форумы (KOIF) және кореяның ірі банктерінің бірі ShinhanBank инвестиция қуюға ниет білдірді
KOPEC компаниясы 4-ші ЖЭО құрылысына шамамен $1 млрд жұмсамақшы.
Облыстың әкімдігінің мәліметтері бойынша, Қарағанды -Теміртау өндірістік аймағында тапшы болып отырған электр қуатының мәселесін шешу үшін, Қарағандыда ЖЭО құрылысын бастау қажет.
«ЖЭО қуаттылығы 660 МВт, ал оның құны алдын-ала жасалған есеп-қисап бойынша 93 млрд теңгені құрайды. Оны жүзеге асыру үшін, биыл қаңтарда президенттің жарлығымен құрылған әлеуметтік-кәсіпкерлік «Сары- Арқа» корпорациясы қолға алатын болады», — деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер.
ӘКК «Сары-Арка»ҰК АҚ басқармасының төрағасы Альберт Раудың сөздеріне қарағанда, жоба 2008 жылдың бірінші тоқсанында жасалу керек. «Әрине Оңтүстік Корея компаниясының ұсынысы жақсы, алайда, ЖЭО құрылысының жобасына бірқатар халықаралық компаниялар қызығушылық танытты. Оның құрылысын әсіресе, Қытай өкілдері жасағысы келеді, сондықтан біз өз таңдаумызды әлі жасаған жоқпыз», — деп хабарлады А. Рау.
Сондай-ақ, Оңтүстік Корея компаниялары Қарағандыда медициналық орталық, технологиялық қала және ShinhanBank бөлімшесін ашу туралы ұсыныс жасады.
Облыс әкімі Нұрлан Нығматулин бұл жобалардың маңыздылығын атап өтті. Алайда, оларды іске асыру жөнінде келісім қабылданған жоқ.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті