Оңтүстік Корея Орталық Азия елдерімен ынтымақтасуға мүдделі - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+32 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оңтүстік Корея Орталық Азия елдерімен ынтымақтасуға мүдделі

Оңтүстік Корея Орталық Азия елдерімен ынтымақтасуға мүдделі

Биыл құрылған Оңтүстік Кореяның жаңа үкіметі Еуразия кеңістігіндегі елдермен ынтымақтастықты дамытпақ ниетте.

  • 10 Желтоқсан 2013
  • 470
Фото - Caravan.kz

"Жаңа кореялық үкімет Еуразия елдерімен арада ынтымақтастықты күшейту саясатын маңызды мемлекеттік міндеттердің бір ретінде белгіледі. Бұл өзара тиімді дипломатия болмақ", деді Корея Республикасы премьер-министрінің орынбасары – қаржы және жоспарлау министрі Хен О Сок сейсенбіде Сеулде Қазақстан премьер-министрі Серік Ахметовпен кездесу барысында.

Ол атап өткендей, Қазақстан Оңтүстік Корея үшін аса маңызды стратегиялық әріптес болып табылады, оған энергетика және ресурстар, құрылыс, ақпараттық технологиялар, көлік құрылысы, денсаулық сақтау, мәдениет және туризм сияқты салалардағы ынтымақтастықтың кеңейтілуі дәлел болып отыр.