Оңтүстік Кореяда ірі жол апаты болды - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оңтүстік Кореяда ірі жол апаты болды

Оңтүстік Кореяда ірі жол апаты болды

Жүзден астам көлік соқтығысып, салдарынан екі адам көз жұмды. Тағы 40-тан астамы түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілген.

  • 12 Ақпан 2015
  • 187
Фото - Caravan.kz

Оның 19-ы шетелдіктер. Арасында Қытай, Таиланд, Вьетнам және Ресей азаматтары бар. Қазіргі таңда жеті адам хал үстінде жатыр. Апат әуежайға апаратын жолда болған. Куәгерлердің айтуынша, алдымен жеңіл көлік пен автобус соқтығысыпты. Айналаны қалың тұман басқандықтан өзге жүргізушілер дер кезінде тоқтай алмай, бірінің артынан бірін соққан. Болжам бойынша, автобус жүргізушісі жылдамдықты шамадан тыс асырыпты. Дегенмен, оқиғаның анық-қанығын мамандар анықтайды.