Жарияланды: 1300

Оңтүстік Осетиядағы қақтығыс Ресей мен Грузия арасындағы соғыс емес - Қазақстандағы РФ елшілігі

Астана. 12 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Ресей Федерациясының Қазақстан Республикасындағы елшілігі Оңтүстік Осетиядағы қақтығыс Ресей мен Грузия арасындағы соғыс болып табылмайды деп сендіріп отыр. Бұл туралы бүгін аталмыш елшілікте өткен баспасөз мәслихатында Ресей Федерациясының Қазақстан Республикасындағы істерін жауаптанған уақытша сенімді өкіл Владимир Спринчан мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Біздің басшылығымыз Ресей Грузиямен соғыс жағдайында тұрған жоқ деп бірнеше рет мәлімдеді. Біз грузин халқымен жауласпаймыз. Осындай шиеленістің ушығуына себеп болған грузин басшылығының қадамдарын Ресей басшылығы айыптайды", - деп мәлімдеді В. Спринчан. Ресей аумағында бір миллионға жуық грузин тұратыны белгілі. Бұл Ресей қоғамының лайықты құрамдас бөлігі. Грузин халқының арасында да Ресей халқына деген қандай да бір жаулық сезім жоқ екендігінде күмән жоқ", - деп есептейді ол. "Өкінішке орай, мұның барлығы қазіргі Грузия президентінің ойламсыз, мүмкін, әдейі жасалған, алайда, бірнеше қадам алға қарай ақылға салынып таразыланбаған әрекеттерінен туындады", - деді елшілік өкілі. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть