Жарияланды: 360

Оңтүстік Қазақстан, Алматы, Қызылорда және Жамбыл облыстарында қатқақ болады деп күтілуде - Қазгидромет

Астана. 23 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Оңтүстік Қазақстан, Алматы, Қызылорда және Жамбыл облыстарында қатқақ болады деп күтілуде, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. В

"Қазгидромет" РМК мәліметінше, 23 -24 қыркүйекке қараған түні Алматы облысында суық сақталса, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарында кей жерлерде 0 - 2 градус қатқақ болады. Сонымен бірге, Маңғыстау, Атырау, Оңтүстік Қазақстан облыстарының таулы асуларында, күндіз Қызылорда облысында кей жерлерде желдің жылдамдығы секундына 15 - 20 метрге дейін күшейеді. Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қарағанды облыстарында түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін