деп облыстық прокуратураның арнайы прокурорлар басқармасының басшысы Асқар Айымбетов мәлімдеді.
Бұрынғы шенеунік сеніп тапсырылған ірі мөлшердегі мүлікті иелену немесе талан-тараж етуге кінәлі деп танылды, сот шешімі бойынша ол мемлекетке 134 млн 175 мың теңге өтеп беруі тиіс.
Мұнымен қоса, оның мүлкі тәркіленді.
2010 жылдың соңында қаржы полицейі көші-қон департаменінің лауазымды тұлғаларының 180 млн теңге бюджет қаржысын талан-тараж еткенін анықтады. Бұл қаражат квотамен келген оралмандар мен олардың отбасына тұрғын үй сатып алуға және бір реттік жәрдемақы төлеуге, сондай-ақ 2008 жылы тұрғылықты жерге баруға және мүлкін тасуға кеткен шығынды өтеуге арналған.