Оңтүстік Қазақстан облыстық соты тапсырыспен кісі өлтірген қылмыскерлердің үстінен үкім шығарды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оңтүстік Қазақстан облыстық соты тапсырыспен кісі өлтірген қылмыскерлердің үстінен үкім шығарды

Оңтүстік Қазақстан облыстық соты тапсырыспен кісі өлтірген қылмыскерлердің үстінен үкім шығарды

15-қаңтар, бейсенбіде Оңтүстік Қазақстан облыстық соты кәсіпкер Юрий Кимді тапсырыспен өлтірді деп айыпталған үш адамның үстінен үкім шығарды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 16 Қаңтар 2004
  • 415
Фото - Caravan.kz

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Шымкенттік танымал кәсіпкер Юрий Ким 2003-жылдың 14-ақпанында қаладағы №5 емханаға кіреберісте атып өлтірілген болатын.

Ұзаққа созылған процесстен кейін облыстық сот кәсіпкерді өлтіруге тапсырыс берген Бағлан Әмірбековке дүние-мүлкін тәркілеп, 17 жылға бас бостандығынан айыру жазасын жүктеді. 40 жастағы Б.Әмірбеков кезінде қала әкімінің орынбасары болып істеген. Соңғы жылдарда кәсіпкерлікке ден қойды.
Тікелей кісі өлтіруші ретінде айыпталған 33 жастағы Иманали Мырзакелдіге де осындай үкім шығарылды. Сондай-ақ, делдал ретінде айыпталған 35 жастағы жұмыссыз Асан Асыранов 14 жылға бас бостандығынан айрылып, мүлкін тәркілететін болды.
Дегенмен, сотталғандардың қорғаушыларының пайымдауынша, олардың күнәсі дәлелденбегендіктен соттың шешіміне жоғары сатыда қарсылық білдірілмек. Қорғаушылардың айтуынша, қылмысты әшкерелеуде қолданылған айғақ-заттар процессуалдық-тергеу нормаларын бұзу арқылы алынған, ал айыпкерлер қылмысты психологиялық қыспақ пен күш қолдану салдарынан мойындаған-мыс.

Соңғы жаңалықтар