Оңтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау департаменті қайтыс болған үш бүлдіршіннен ВИЧ-инфекциясы анықталғанын растамайды - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
7 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оңтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау департаменті қайтыс болған үш бүлдіршіннен ВИЧ-инфекциясы анықталғанын растамайды

Оңтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау департаменті қайтыс болған үш бүлдіршіннен ВИЧ-инфекциясы анықталғанын растамайды

ШЫМКЕНТ. 19 шілде. Kazakhstan Today. Өткен айда Оңтүстік Қазақстан облысында көз жұмған үш бүлдіршінге қойылған «ВИЧ инфекция» деген диагноз расталған жоқ. Бұл жөнінде агенттік тілшісіне ОҚО денсаулық сақтау департаменті директорының орынбасары Нағима Жолдасова хабарлаған.

  • 20 Шiлде 2006
  • 473
Фото - Caravan.kz

Үш бала маусымның 10-17-сі аралығында қайтыс болды. Олар өкпе қабынуының ауыр түріне және басқа да дертке шалдыққан болатын. «Бүлдіршіндердің халі тым нашар болғандықтан біз оларды ВИЧ-инфекцияға тексеруіміз қажет еді. Сондықтанда олар алдын ала жасалған диагноздар тізіміне енгізілді. Қазір бұл диагноз алынды», — дейді Н. Жолдасова.

Осыған дейін айтылғандай, қазіргі таңда алты баладан жұқпалы ауру табылғаны расталды. 9 сәбидің диагнозы тексерілуде.