Жарияланды: 410

Оңтүстік Қазақстан облысы халқының саны 2,5 миллионнан асты

2010 жылдың қорытындысы бойынша Оңтүстік Қазақстан облысы халқының саны 2 миллион 563,1 мың адамды құрады,

деп хабарлады облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының баспасөз қызметінен. Бұл алдыңғы жылғы көрсеткіштен 134 мың адамға немесе 5,5 пайызға көп және жан басына шаққандағы жалпы өңірлік өнім де өсіп отыр: 2009 жылы бұл көрсеткіш 384,4 мың теңге болса, 2010 жылы 447,8 мың теңгені шамалады. Яғни, жан басына шаққандағы жалпы өңірлік өнімнің өсуі 16 пайызды немесе 60 мың теңгені құрады. "Облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының мәліметтері бойынша, облыстың жалпы өңірлік өнімі алғаш рет 1 триллион теңгеден асып, 1 триллион 135 миллиард теңгені құрады. Бұл «2009 жылғы көрсеткіштен 4,7 пайызға көп. Республика бойынша облыстың үлесі 5,2 пайыз", - деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметінен. Өнеркәсіптік өнім өндірісінің көлемі 305,1 миллиард теңгені, нақты көлемнің индексі - 113,3 пайызды құрады (республикалық индекс - 110 пайыз). Өңдеуші өнеркәсіптің үлесі 66,4 пайызды шамалады. Жаңа кәсіпорындардың ашылуы және өндірістердің кеңеюі есебінен 10 528 жұмыс орны құрылды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть