Жарияланды: 920

Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал аудандық мақташылары Минск трактор зауытынан трактор алу туралы келісімге қол қойды

Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал аудандық мақташылары Минск трактор зауытынан "МТЗ-80" маркалы бес трактор алу туралы келісімге қол қойды,- деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі KZ-today тілшісіне.

Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімшілігі мен Беларусь Республикасының Могилев облыстық атқару комитеті арасындағы ынтымақтастық жөніндегі келісімге қол қою шарасы аясында өткізілген МТЗ трактор зауытының тұсаукесерінен кейін осындай пәтуаластыққа қол жетті. Тұсаукесер шарасында қуаты 130 ат күшіне тең келетін "МТЗ-1221" маркалы жаңа трактор үлгісі көрермен назарына ұсынылды. Жаңа трактордың артықшылықтарын паш ету үшін егістік алқабына "К - 700", "Т - 4" және "ДТ - 75" тракторлары қатар шығарылды. Беларусьтық жаңа үлгілі трактор мақташыларға ұнады, алайда ол жергілікті ахуалға сәйкеспейді деп бағалаған Оңтүстік Қазақстандықтар МТЗ-80 тракторын алу жөніндегі келісімге қол қоюға ұйғарды. Оңтүстік Қазақстан облыстық ауылшаруашылығы департаменті жаңа тракторды Сайрам және Түлкібас аудандық дихандар назарына ұсынған жөн деп тапты. Бұл - оңтүстік өңір дихандарының соңғы 10 жылда алғаш рет көп мөлшерде техника сатып алу көрінісі. Минск трактор зауытының ресми дилері ролін "Центр-сервиз-СХМ" серіктестігі атқармақ.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть