Оңтүстік Қазақстан облысына жіберілетін жанар-жағармай көлемі ұлғайғанымен, ол сұранысты қамтамасыз ете алмай отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 464.86
  • 544.03
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оңтүстік Қазақстан облысына жіберілетін жанар-жағармай көлемі ұлғайғанымен, ол сұранысты қамтамасыз ете алмай отыр

Оңтүстік Қазақстан облысына жіберілетін жанар-жағармай көлемі ұлғайғанымен, ол сұранысты қамтамасыз ете алмай отыр

Оңтүстік Қазақстан облысына жіберілетін жанар-жағармай көлемі ұлғайғанымен, ол сұранысты қамтамасыз ете алмай отыр. Мұнда АИ-85 маркалы мұнай мүлдем әкелінбесе, АИ-92 маркалы жанармай тапшы. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Шымкенттегі жанармай таратушы бекеттердің қожайындары қауымдастығының төрағасы Қайыпбек Қамбаров хабарлады.

  • 20 Қазан 2005
  • 392
Фото - Caravan.kz

Қ.Қамбаровтың айтуынша, қазіргі таңда «Торғай Петролеум» АҚ негізінен АИ-80 маркалы жанармайын жіберуде. Аз көлемде жіберілетін АИ-92 жанармайы мен дизельдік отынның тапшылығы сезілуде.

Қ.Қамбаровтың айтуынша, облыста жанар-жағармай әлі де жеткіліксіз. Қоймаларда ең төменгі тәуліктік қор сақталуда. Әзірге баға келісілген деңгейде болғанымен, жанармай жеткізуде шамалы болса да үзіліс шыққан жағдайда баға қайтадан шарықтап кету қаупі бар, деді ол.