Оңтүстік Қазақстан облысынан Өзбекстанға ұн тек автокөлікпен ғана экспортталуда - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оңтүстік Қазақстан облысынан Өзбекстанға ұн тек автокөлікпен ғана экспортталуда

Оңтүстік Қазақстан облысынан Өзбекстанға ұн тек автокөлікпен ғана экспортталуда

Шымкент. 21 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Оңтүстік Қазақстан облысының ұн тасымалдаушылары Өзбекстанға ұн экспорттау үшін темір жол вагондарын ала алмай отыр. Сондықтан да тауарды автокөліктермен жеткізуде, деп "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне облыстық "Астық өнімдері" ұн тасымалдаушылар қауымдастығының баспасөз хатшысы Райхан Нығмаділова хабарлады.

  • 21 Шiлде 2008
  • 435
Фото - Caravan.kz

«Біз 6 шілдеден бастап темір жол вагондарын алған жоқпыз. Ұнды автокөліктермен тасудамыз. Бұл қымбат әрі жұмысы көп. Бірақ, басқа жол жоқ. Алғашында шекарада тығын да қалыптасты. Қазір біраз қалпына келді», — деп хабарлады Р. Нығмаділова.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті