ТЖМ мәліметінше, бүгін 4 сағат 30 минутта Манкент ауылында белгісіз бір жүргізуші газ құбырының бағанын соғып кеткен. Соның салдарынан диаметрі 100 мм-лік орта қысымды құбырға зақым келді. Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, газ тұтанған жоқ, оның шығуы тоқтатылды.
Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, апат салдарынан 250 үй газсыз қалды. Қалпына келтіру жұмыстары бүгін жүзеге асырылады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті