Оңтүстік Қазақстан облысында апат салдарынан 4 мыңнан астам тұтынушы газдан ажыратылды - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оңтүстік Қазақстан облысында апат салдарынан 4 мыңнан астам тұтынушы газдан ажыратылды

Оңтүстік Қазақстан облысында апат салдарынан 4 мыңнан астам тұтынушы газдан ажыратылды

Астана. 23 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Оңтүстік Қазақстан облысында апат салдарынан жай үйлер секторындағы 4 мыңнан астам тұтынушы газдан ажыратылды, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 23 Шiлде 2008
  • 379
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Оңтүстік Қазақстан облысының Сарыағаш ауданы Абай ауылында 22 шілдеде сағат 11.00-де диаметрі 219 мм-лік жоғары қысымды газ құбырын тексерген кезде газ шығып жатқаны анықталған.

Апат салдарынан 73 шкафты тарату бөлімшесі газдан ажыратылды. Жай үйлер секторындағы 4 476 тұтынушы газсыз қалды.

Оқыс оқиғаның салдарын жоюға «Қазтрансгаз-Аймақ» АДҚ 6 адамы мен 2 техникасыанн құралған апаттық топ жұмылдырылды. Қалпына келтіру жұмыстары аяқталды, газ 23 шілдеде сағат 09.00-да жіберіледі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті