Оңтүстік Қазақстан облысында ауылдық округ әкімі пара алды деген күдікпен ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оңтүстік Қазақстан облысында ауылдық округ әкімі пара алды деген күдікпен ұсталды

Оңтүстік Қазақстан облысында ауылдық округ әкімі пара алды деген күдікпен ұсталды

Шымкент. 26 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Оңтүстік Қазақстан облысының Сайрам ауданында ауылдық округ әкімі 180 мың теңге көлемінде пара алды деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды агенттік тілшісі Оңтүстік Қазақстан облыстық экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен күрес департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 25 Шiлде 2008
  • 406
Фото - Caravan.kz

«Қайнарбұлақ ауылдық округінің әкімі жеке баспана тұрғызуға он соттық жер телімін бөліп бергені үшін 180 мың теңге талап еткен», — деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 21 шілдеде 46 жастағы әкім қылмыс үстінде ұсталды. ҚР Қылмыстық кодексінің 311-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүргізілуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті