Әкімнің ақпараттарына сүйенсек, 2007 жылдың қаңтар — ақпан айларындағы сауда құқығын беретін бір реттік талондарды сатудан облыс бюджетіне 80 млн теңге түскен, немесе өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 96 пайызға артық. Соның ішінде, Шымкент қаласы бойынша салық мөлшері 50 млн теңгені құрап, 183 пайызға өскен.
«Бұл бюджетке тек осы пайда көзі бойынша 700 миллионнан астам теңге түспей қалғанын, немесе жинауға мүмкіндік бар қаржыдан екі-үш есе аз екенін көрсетеді»,- деп атап көрсетті Ө. Шүкеев. Ол салық түсімдерінің өсуіне байланысты жасалған болжамға сәйкес аталмыш қаражат көзі бойынша түсімнің үш есеге өскенін (388 млн-нан 1 млрд теңгеге дейін) хабарлады.
Сонымен қатар, Ө. Шүкеев салық жинайтын резервтердің кәсіпкерліктің басқа салаларында да көп екендігін атап өтті. «Біздің міндетіміз — алдағы үш жылға арналған салық базасын мейлінше нақты есептеп, аймақ әлеуетін толық айқындау»,- деді ол. «Салық төлеушілердің заңға бағынуы мен тәртіпті күшейтуге жұмыстар жүргізу керек»,- деп қорытындылады әкім.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті