«Мектеп директоры болып тұрған кезінде өзінің қызмет бабын пайдаланған 57 жастағы Бахтияр Әбдірашидов 4,5 млн теңге көлемінде бюджет қаржысын жымқырған», — деп хабарлайды баспасөз қызметі.
Баспасөз қызметінің мәліметінше, «тергеу кезінде Б. Әбідрашидов ешқайда кетпеу жөніндегі қолхатпен бостандықта болған, бірақ, үкім шыққанан бірнеше күннен кейін ол ізін жасырып кетті». Әйтсе де, баспасөз қызметінің хабарлауынша, аудандық сот оның үстінен сырттай үкім шығарып, ҚР Қылмыстық кодексінің 176-шы бабының 3-тармағының «г» тармақшасы бойынша, қызмет бабын пайдаланып өзіне сеніп тапсырылған мүлікті иемденіп алу немесе талан-таражға салу жөнінде алты жарым жылға бас бостандығынан айырды.
Баспасөз қызметінің хабарлауынша, сотталған мектеп директорына республикалық іздеу жарияланғалы жарты жылдан асса, жуырда ғана оған мемлекетаралық іздеу жарияланды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті