Жарияланды: 530

Оңтүстік Қазақстан облысында Еуроодақ елдеріне экспорттық қауын тиеу басталды

Шымкент. 21 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Оңтүстік Қазақстан облысының Мақтаарал ауданында "Мырзашөл" сервистік дайындау орталығы Еуроодақ елдеріне қауын тасымалдау бойынша пилоттық жобаны жүзеге асыруды бастады, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі "Оңтүстік" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ұлттық компаниясының" баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

"Мақтаарал ауданының шаруа қожалықтары өсірген "Мырзашөл" сұрыбының қауыны фирмалық орамаға қапталады, +5 градусқа дейін тоңазытылады, газдық өңдеуден өткізіледі және рефрижератормен Латвия, Литва, Ресейге тасымалданады. Бұл ретте залалсыздандырылған және өсімі тоқтатылған қауын ұзақ сақталады және шетел супермаркеттерінің сөресіне тың күйінде келіп түседі", - деп хабарлады "Оңтүстік" ӘКК баспасөз хатшысы Әлия Есенбаева. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть