Жарияланды: 410

Оңтүстік Қазақстан облысында мектеп директоры пара алғаны үшін шартты мерзімге сотталды

Шымкент. 19 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Оңтүстік Қазақстан облысының Ордабасы ауданында мектеп директоры пара алғаны үшін шартты мерзімге сотталды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Оңтүстік Қазақстан облыстық экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен күрес департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

"Оңтүстік Қазақстан облысының Ордабасы аудандық сотының үкімімен осы аудандағы "Шұбар" орта мектебінің директоры Сұлушаш Әбішева ҚР Қылмыстық кодексінің 331-бабының 1-тармағында қарастырылған пара алу жөніндегі қылмысты жасаған айыпты деп танылып, 2 жыл 6 айға шартты мерзімге сотталды", - деп хабарлады департаменттің баспасөз хатшысы Жұпар Мамытова. Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, қаржы полициясының қызметкерлері С.Әбішеваны 17 сәуірде жергілікті тұрғыннан оны осы мектепке есепшілік қызметке орналастырғаны үшін 40 мың теңге көлемінде пара алып жатқан сәтте ұстаған болатын. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть