Оңтүстік Қазақстан облысында облыстық балалар аурханасының аумағында шыққан өртке құрылыс барысында қауіпсіздік техникасын бұзу себеп болған - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оңтүстік Қазақстан облысында облыстық балалар аурханасының аумағында шыққан өртке құрылыс барысында қауіпсіздік техникасын бұзу себеп болған

Оңтүстік Қазақстан облысында облыстық балалар аурханасының аумағында шыққан өртке құрылыс барысында қауіпсіздік техникасын бұзу себеп болған

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 24 - тамыз. ШЫМКЕНТ. Оңтүстік Қазақстан облысында облыстық балалар аурханасының аумағында шыққан өртке құрылыс барысында қауіпсіздік техникасын бұзу себеп болған . Бұл туралы "ҚАЗАҚСТАН БҮГІН" агенттігінің тілшісіне Оңтүстік Қазақстан облысының денсаулық сақтау департаментінің директоры Алма Шамова хабарлады.

  • 24 Тамыз 2007
  • 447
Фото - Caravan.kz

«Өрт ғимараттардың арасындағы галереясындағы дәнекерлеу жұмыстарын жүргізу барысында шыққан»,- деді А. Шамов. «Онда бәрін өшірді, ешкім зардап шеккен жоқ»,- деп қосты директордың орынбасары.

Бұрын хабарлағанымыздай, кеше 14 сағат 18 минутта облыстық балалар аурханасының аумағындағы екі қабатты бос ғимараттың шатырында өрт шыққан болатын. 15 сағат 08 минутта тілсіз жау ауыздықталған. Алдын-ала берілген ақпараттарға сүйенсек, тілсіз жау 250 шаршы метр аумақты шарпыған.

Қазіргі уақытта облыстық балалар ауруханасында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр, ол үшін облыстық бюджеттен 241 млн теңге бөлінген болатын.