Жарияланды: 460

Оңтүстік Қазақстан облысында өрт салдарынан бір адам қаза тапты

Астана. 19 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Оңтүстік Қазақстан облысында өрт салдарынан бір адам қаза тапты, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 19 қарашада сағат 18.58-де Оңтүстік Қазақстан облысының Шардара ауданы Қазақстан кентінің Қисабеков көшесінде аурухананың аумағындағы жеке тұрған бір қабатты ғимаратта шыққан 2 шаршы метр аумақтағы өртті сөндірген кезде бір адамның мәйіті табылды. Өрт ҚР ТЖМ Өрт сөндіру қызметінің 1 арнаулы техникасы мен жеке құрамының 4 адамының көмегімен 19 сағат 31 минутта сөндірілді. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін