Оңтүстік Қазақстан облысында пойыз рельстен шығып кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 474.47
  • 541.37
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
2 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оңтүстік Қазақстан облысында пойыз рельстен шығып кетті

Оңтүстік Қазақстан облысында пойыз рельстен шығып кетті

Оңтүстік Қазақстан облысының Ордабасы ауданында «Черноводье-Бадам» теміржол тармағының 3264-ші шақырымында Шу-Арыс стансасы арасында қатынайтын №2901 жүк пойызының 29 жүк тиелген вагоны  рельстен шығып кетті, деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.

  • 6 Мамыр 2014
  • 301
Фото - Caravan.kz

29 вагонның 8-іне күкірт қышқылы цистерналары, 17 вагонда құрылыс материалдары, 1 вагонға астық  тиелген, сондай-ақ 2 контейнер вагоны,, 1  вагон-термос болған. 150 метр теміржол рельсі және 4 байланыс  желісінің тіректері бүлінген.

Төтенше жағдайды жоюға 240 адам, 22 бірлік техника, 2 қалпына келтіру және 1 өрт сөндіру пойызы жұмылдырылған.


Зардап шеккендер мен құрбан болғандар жоқ.