Оңтүстік Қазақстан облысында полиция қызметкерін қағып кеткен азамат құрықталды - kaz.caravan.kz
  • $ 485.82
  • 554.03
+29 °C
Алматы
2026 Жыл
30 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оңтүстік Қазақстан облысында полиция қызметкерін қағып кеткен азамат құрықталды

Оңтүстік Қазақстан облысында полиция қызметкерін қағып кеткен азамат құрықталды

Оңтүстік Қазақстан облысында билік өкіліне қарсы күш қолданды деген күдікпен Сайрам ауданының тұрғыны құрықталды.

  • 30 Мамыр 2014
  • 371
Фото - Caravan.kz

Облыстық ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, сәрсенбі күні жедел-алдын алу шарасын өткізіп жатқан полицейлер Сайрам-Машат тас жолында «ВАЗ-2106» автокөлігін тоқтатқан.

Алайда жүргізуші құжаттарын көрсетуден бас тартып, билік өкіліне қарсы күш қолданыпты.

«Полиция қызметкерінің бірін көлігімен қағып, оны екі метрге дейін сүйреп әкеткен. Содан соң бой тасалап үлгерген. Полицей жарақат алды», — делінген хабарламада.

Заң бұзушы көп ұзамай қолға түсті. Ол Сайрам ауданының 36 жастағы тұрғыны болып шықты.


Қазір аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті қамауға алынды.