Оңтүстік Қазақстан облысында Қырғызстан азаматы героиннің үлкен көлемімен ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
15 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оңтүстік Қазақстан облысында Қырғызстан азаматы героиннің үлкен көлемімен ұсталды

Оңтүстік Қазақстан облысында Қырғызстан азаматы героиннің үлкен көлемімен ұсталды

Астана. 30-қазан. "Қазақстан Бүгін" - Оңтүстік Қазақстан облысында полицейлер Қырғызстан азаматын ұстап, одан үлкен көлемдегі героин тәркіледі. Бұл турлаы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне Қазақстан Ресупбликасының Ішкі істер министрлігінің есірткі бизнесімен күрес және есірткі айналымын бақылау комитетінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 30 Қазан 2007
  • 433
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, көліктегі Оңтүстік-Шығыс Ішкі істер департаментінің есірткімен күрес басқармасының қызметкерлері Жамбыл станциясының теміржол вокзалында Бішкектің 51 жастағы азаматын ұстаған, одан героин салынған 6 полиэтилен дорба табылған. Тәркіленген есірткінің жалпы салмағы 7 кг 19 грамм құрап отыр. Ұсталған азамат жауап алу барысында, есірткіні Таразға жеткізгені үшін 500 АҚШ доллары көлемінде ақшалай сыйақы беруге уәде бергендігін түсіндірді.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, есірткі тасымалдау арнасын жою мақсатында Алматының Ішкі істер департаментінің есірткімен күрес басқармасы Қырғызстанның Ішкі істер министрлігімен бірлесе отырып жүргізген арнайы шаралары нәтижесінде мемлекеттік шекара арқылы заңсыз есірткі тасымалдаған Қырғызстан Республикасының 17 жасар азаматы ұсталды, тексеру барысында одан 305 грамнан астам героин тәркіленген. Белгілі болғандай, ол есірткі затын Шығыс Қазақстан облысындағы түзету мекемелерінің біріне өткізбек болған.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті