Жарияланды: 430

Оңтүстік Қазақстан облысында қырым қанды безгегіне шалдыққан адам ауруханаға түсті

2003-жылдың 1-шілдесінде Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданындағы Маяқұм ауылдық округіне қарайтын Шәуілдір ауылында 1953-жылғы бір ер адам кенеге шағылған көрінеді. 2003-жылдың 4-шілдесінде әлгі адам қырым қанды безгегіне шалдығуы мүмкін деген күдікпен аудандық аурухананың жұқпалы аурулар бөліміне жатқызылды. 2003-жылдың 8-шілдесінде күдік расталып, қырым қанды безгегі деген диагноз дәлелденді. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР төтенше

жағдайлар жөніндегі Агенттігінің баспасөз қызметінен хабарлады. Агенттік мәліметтеріне жүгінсек, қазір аурумен байланыста болған 10 адам дәрігерлердің бақылауына алынды. Тұрақты ауыр жағдайда деп табылған науқас қазір емделіп жатыр. Ауру ошағында эпидемияға қарсы арнаулы шаралар қолданылуда.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін