Жарияланды: 630

Оңтүстік Қазақстан облысында республикалық өзбектер құрылтайы болып өтті

Оңтүстік Қазақстан облысында таяуда республикалық өзбектер құрылтайы болып, онда республикалық "Достлик" Қауымдастығының жаңа президенті сайланды. Бұл қызметке Оңтүстік Қазақстан облыстық Тәртіп кеңесін басқарушы Розакул Халмурадов тағайындалды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

Қауымдастықтың орталығы Алматыдан Шымкентке көшіп орналастырылды. Республикамыз бойынша ең ауқымды өзбек диаспорасын құрайтын 400 мың өзбек ұлты өкілдері Оңтүстік Қазақстан облысында тұрады. Олар үшін ана тілінде әркімнің қолы жететін сапалы білім алу - ең өткір мәселе. Қауымдастық басқармасы жуырда ҚР білім және ғылым министрлігіне өтініш жолдап, тест сұрақтарын өзбек тілінде дайындауды және "Өзбек тілі және әдебиеті" деген мамандық бойынша грант және кредит бөлуді сұрады. Сонымен бірге, Өзбекстандық телебағдарламаларды ретрансляциялауды қайтадан жандандыру жұмысы жүргізілуде.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть